Live Playback (нақты уақытта ойнату) функциясын пайдалану
Көріп отырған бағдарламаңызды USB HDD құрылғысына уақытша сақтау үшін осы функцияны пайдалануға болады, сонда теледидар қараған кезде жіберіп алған көріністерді қайта ойнатуға болады. Бұл функция, біраз уақытқа шығып кетсеңіз, тоқтатылған жерден бастап көруді жалғастыруға мүмкіндік береді.
- USB HDD құрылғысын USB портына салыңыз.
- Экранның сол жағындағы LIVE PLAYBACK БАСТАУ түймесін басыңыз.
-
Шынайы хабарды көріп отырған кезде меңзермен орындалу жолағынан қажетті жерді таңдаңыз. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін қашықтан басқару құралындағы
/
түймелерін де басуға болады.
Орындалу жолағынан ағымдағы жерге қарағанда алдыңғы жерді таңдаңыз.
Екі не одан көп USB HDD құрылғысы теледидарға қосылған кезде Live Playback функциясымен қолданылатын құрылғыны таңдаңыз.
USB флэш-жадын пайдалану мүмкін емес. Жалпы жады 80 ГБ немесе одан көп болатын USB HDD жадын қосыңыз.
Егер USB HDD құрылғысында бос орын жеткіліксіз болса, Live Playback функциясы дұрыс істемеуі мүмкін. Live Playback функциясын пайдалану үшін кемінде 2.3 Гбайт орны бар USB HDD құрылғысы керек.
Оны аналогтық немесе сандық хабар тарату және кіріс режимінде пайдалануға болады.
Дегенмен, радио арнасын тыңдап отырғанда бұл опцияны пайдалану мүмкін емес.
(Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде қол жетімді.)
(Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде қол жетімді.)
COMPONENT IN және HDMI IN кірісіне жалғанған арналар Live Playback мүмкіндігіне қолдау көрсетпейді.
(COMPONENT IN порты тек белгілі бір үлгілерде бар.)
(COMPONENT IN порты тек белгілі бір үлгілерде бар.)
Live Playback функциясымен қалған USB HDD сыйымдылығына байланысты екі сағатқа дейін бағдарламаны ойнатуға болады.
Бұл уақыт аймаққа байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Live Playback режимінде сақталған бейнелер жазылмай теледидарды өшірсеңіз, олар жойылады.