Есік панелінің артқы жағында ұзына бойымен ортаңғы сызықты белгілеңіз.
Орнату үлгісіндегі жоғарғы және ортаңғы сызықты есік панелінің үстіңгі және ортаңғы сызығымен туралаңыз. Орнату үлгісін есік панелінің артқы жағына мықтап жабыстырыңыз.
(A жағдайы) Жылжымалы панельді орнату
Үлгіде белгіленген 12 нүктеде 10 мм тереңдіктегі бағыттауыш саңылауларды бұрғылау үшін диаметрі 2 мм бұрғыны пайдаланыңыз.
(B жағдайы) Жылжымайтын панельді орнату
Үлгіде белгіленген 10 нүктеде 10 мм тереңдіктегі бағыттауыш саңылауларды бұрғылау үшін диаметрі 2 мм бұрғыны пайдаланыңыз.
Үлгіні алып тастап, үстіңгі және ортаңғы панель кронштейндерін (бірге берілген) жинақтағы кронштейн бұрандалары (Φ 4 x 14 мм) арқылы есік панеліне бекітіңіз.
(A жағдайы) Жылжымалы панельді орнату
Астыңғы кронштейндерді (бірге берілген) жинақтағы кронштейн бұрандалары (Φ 4 x 14 мм) арқылы есік панеліне бекітіңіз.
Астыңғы панель кронштейндерін тегіс жағын сыртқа қаратып орналастырыңыз.
Панельді ыдыс жуғыш машинаға орнатпас бұрын есік панелінің алдыңғы жағына тұтқаны бекітіңіз. Панель біркелкі сырғуы үшін бұрандаларды бекітіңіз.