Жұмыс кезінде қолғап киіңіз.
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында қуатты ажыратып, желдеткіштің тоқтағанын күтіңіз.
Ауа сүзгісін алған кезде ішкі блоктың металл бөліктеріне қолыңызды тигізбеңіз. Әйтпесе ол жарақатқа әкелуі мүмкін.
Ауа сүзгісін бүкпеңіз, әйтпесе сынып кетуі мүмкін.
Өнімге шаң немесе басқа заттар енбеуі үшін, ауа сүзгісін тиісті түрде құрастырыңыз.
Тұтқаларды басып, алдыңғы торын a ашыңыз.
Көрсеткілер тұтқалардың үстінде белгіленген.
Ауа сүзгісіндегі b қыстырғыштарды басып, төмен қарай тартыңыз.
Ауа сүзгісін алу үшін оны алға тартыңыз.
Ауа сүзгісін шаңсорғышпен тазалаңыз немесе жұмсақ жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз.
Сүзгіні көлеңкеде кептіріңіз.
Ауа сүзгісін салыңыз.
Алдыңғы торды жауып, тұтқалардың басу арқылы оны бекітіңіз.