Үсті > ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > ПАЙДАЛАНБАС БҰРЫН БАРЛЫҚ НҰСҚАУЛАРДЫ ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗ > АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

  • Өнімді екі немесе одан да көп адам көтеруі және тасымалдауы қажет.

    • Жеке жарақаттанудың алдын алыңыз.

  • Өнімді теңіз желі (тұздың бүркуі) тікелей әсер ететін жерге орнатпаңыз.

    • Бұл өнімнің тоттануына әкелуі мүмкін.

  • Өнімді орнатқан кезде деңгейі тең болуы тиіс.

    • Дірілді немесе шуды болдырмау үшін.

  • Өнімді сыртқы блоктан шығатын шу не ыстық ауа айналаны зақымдауы не мазалауы мүмкін жерге орнатпаңыз.

    • Бұл көршілерге кедергі етіп, жанжалға әкелуі мүмкін.

  • Өнімді орнату немесе жөндеуден кейін әрқашан газдың (суық агенттің) ақпайтындығын тексеріңіз.

    • Хладагенттің төмен деңгейлері өнімнің бұзылуына әкелуі мүмкін.

  • Құрылғыны азықты сақтау, өнер туындылары және т. б. сияқты арнайы мақсат үшін пайдаланбаңыз. Бұл белгілі бір мұздату жүйесі емес, тұтынушының AWHP құрылғысы болып табылады.

    • Мүліктің зақымдалу немесе мүліктен айрылу қаупі бар.

  • Ауа ағынының кірісін немесе шығысын бітемеңіз.

    • Бұл өнім ақаулығына алып келуі мүмкін.

  • Өнімді тазалау үшін жұмсақ шүберек қолданыңыз. Қатты жуғыш құралдарын, ерітінділерді немесе шашыранды суды және т.б. пайдаланбаңыз.

    • Өрт шығу, электр тогының соғу немесе құрылғының пластикалық бөлшектерінің зақымдалу қаупі бар.

  • Өнімді аяқпен баспаңыз не оның үстіне ештеңе қоймаңыз.

    • Жеке тұлғалардың зақымдалу және өнімнің бүліну қаупі бар.

  • Өнім жұмыс істеп тұрғанда, ауа кірісі мен шығысына қолыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.

    • Жеке жарақат келтіруі мүмкін өткір және жылжымалы бөлшектер бар.

  • Өнімді қаптан шығару және орнату кезінде абай болыңыз.

    • Өткір шеттері жарақаттауы мүмкін.

  • Жөндеу кезінде тоңазытқыш агенттің буы сыртқа шықса, сыртқа шыққан тоңазытқыш агенттің буына жақындамаңыз.

    • Салқындатқыш газы мұздауға алып келуі мүмкін (суық күйік).

  • Блокты алғанда не орнатқан кезде, оны еңкейтпеңіз.

    • Ішіндегі су коденсаты төгілуі мүмкін.

  • Жүйеде пайдаланылатын, көрсетілген суық салқындатқыш заттан басқа ауа немесе газды араластырмаңыз.

    • Суық агент жүйесіне ауа кіріп кетсе, ол шамадан тыс жоғары қысым пайда тудырып, жабдықтың зақымдалуына немесе адамның жарақат алуына себеп болуы мүмкін.

  • Орнату кезінде салқындатқыш газ ағып кетсе, оны дереу желдетіңіз.

    • Кері жағдайда, бұл Сіздің денсаулығыңызға зиянды болу мүмкін.

  • Құрылғы демонтажы, хладагент майын төгу жəне соңғы бөлшектерді алу жергілікті жəне ұлттық стандарттарға сəйкес орындалуы тиіс.

  • Суық немесе ыстық ауаны тартатын жерге теріңізді, балаларды немесе өсімдіктерді жақындатпаңыз.

    • Бұл денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.

  • Өнімді биіктікте тазартқанда, қызмет көрсеткенде немесе жөндегенде берік орындық немесе тасымалы баспалдақты пайдаланыңыз.

    • Абай болыңыз және зақым алуды болдырмаңыз.

  • Ыстық су зарарсыздандыру барысында немесе ыстық судың мөлшеріне байланысты дереу қолжетімді болмауы мүмкін.

  • Еденді жылыту барысында судың минималды/максималды температурасын шектеу маңызды.

  • LG Electronics компаниясының кондиционерлерін лицензиясы бар кәсіпқой орнатушы маманнан басқа тұлға орнатса, кепілдіктің күші жойылады.

    • Жөндеуге қатысты барлық шығындар толығымен иесінің жауапкершілігіне жатады.

  • Бұл құрылғы физикалық, сезгіштік не ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе бақылауда болмаса не қауіпсіздік үшін жауапты тұлға тарапынан құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқаулар берілмесе, тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың (балаларды қоса) пайдалануына арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауын бақылау керек.

  • Бұл аспапты 8 жастан асқан балалар және дене, сенсорлық немесе ақылой қабілеті шектелген немесе тәжірибесі не білімі жеткіліксіз адамдар, бақылауда болғанда және аспапты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысқанда және оны пайдаланумен байланысты қауіпті түсінгенде қолдана алады.

  • Блокты ықтимал жарылғыш атмосфераларда орнатуға болмайды.