Dual Play режимі дегеніміз не?
Playstation, XBox және Wii сияқты ойын консолімен 1:1 күрес ойынын ойнағанда, пайдаланушылар үстінде және астында немесе қатар бөлінген экранда ойын ойнайды.
Dual Play режимімен әрбір ойыншы ойынды толық экранда ойнай алады.
Осы Dual Play режимінде ойнау үшін, Dual Play көзілдірігі (A және B түрі) қажет.
Егер үлгіңізде Dual Play көзілдірігі болмаса, оларды бөлек сатып алыңыз.
Dual Play режимін іске қосу
  1. Ойын консолін теледидарға қосыңыз.
  2. This is the Home button on the Magic remote control. МЕНІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМ Dual Play режимін таңдаңыз. Dual Play режимі іске қосылады.
  3. Ойынды тамашалау үшін Dual Play көзілдірігін киіңіз.
  4. Қосылып тұрғанда This is the Home button on the Magic remote control. МЕНІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМ Dual Play режимін таңдағанда Dual Play режимі өшеді.
Ойын қолдайтын Экранды бөлу режимі (Қатар / Үстінде және астында) тармағын таңдаңыз. Егер таңдалған Экранды бөлу режимі ойнағыңыз келген ойында қолдау көрсетілмесе, Dual Play режимі қол жетімді болмайды.
Dual Play режимінде ойнату үшін ойын Экранды бөлу режимін қолдауы тиіс.
Егер Dual Play көзілдірігін кигенде экран анық көрінбесе, ойыншылар бір-бірімен көзілдіріктерін алмастыра алады. Dual Play режимінің әрекет түріне байланысты дұрыс көзілдірікті таңдауыңыз керек.
Ойын мәзірін орнату үшін, Dual Play режимін ажыратыңыз.
Ойынды ойнау кезінде кейбір суреттер қабаттасуы мүмкін. Ойынды экранның ортасына қарап ойнау ұсынылады.
Ойын консолінің ажыратымдылығы төмен болғанда, сурет сапасы Dual Play режимінде жақсы болмауы мүмкін.
Экрандағы сурет Dual Play режиміндегі 2D пішімінде ғана болады.
Dual Play көзілдірігін пайдалану кезіндегі сақтандырулар
Dual Play көзілдірігі қалыпты 3D көзілдірігіне қарағанда басқаша болатынын ескеріңіз. Dual Play көзілдірігінде «Dual Play» белгісі жазылған.
Dual Play көзілдірігін қалыпты көзілдірік, күнге қарсы немесе қорғайтын көзілдірік ретінде пайдалануға болмайды. Егер олай істесеңіз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Dual Play көзілдірігін өте ыстық немесе өте суық жерде сақтауға болмайды. Егер олай істесеңіз, бұл оны зақымдауы мүмкін. Зақымданған көзілдірікті пайдалануға болмайды.
Dual Play көзілдірігін түсіріп алмаңыз немесе оны басқа заттарға тигізбеңіз. Бұл өнімді зақымдауы мүмкін.
Dual Play көзілдірігінің линзалары (поляризациялау таспасы) оңай тырналады. Оларды тазалағанда жұмсақ таза шүберекті пайдаланыңыз. Шүберектегі бөтен заттар сызат түсіруі мүмкін.
Dual Play көзілдірігінің линзаларын өткір заттармен қырмаңыз немесе оларды химиялық заттармен сүртпеңіз. Егер линзалар тырналса, Dual Play режимінде қарағанда суреттер қалыпты түрде көрінбеуі мүмкін.
Dual Play қолдау режимі [FHD]
Кіріс Сигнал Шешімі Жол жиілігі (кГц) Кадр жиілігі (Гц)
Composite 480i 720 x 480 15,73 60
576i 720 x 576 15,625 50
Component 480i 720 x 480 15,73 60
480p 720 x 480 31,50 60
576i 720 x 576 15,625 50
HDMI / Component 720p 1280 x 720 45 60
37,5 50
1080i 1920 X 1080 33,75 60
28,125 50
1080p 1920 X 1080 67,50 60
56,250 50
27 24
33,75 30
Dual Play қолдау режимі [ULTRA HD]
Кіріс Сигнал Шешімі Жол жиілігі (кГц) Кадр жиілігі (Гц)
Composite 480i 720 x 480 15,73 60
576i 720 x 576 15,625 50
Component 480i 720 x 480 15,73 60
480p 720 x 480 31,50 60
576i 720 x 576 15,625 50
HDMI / Component 720p 1280 x 720 45 60
37,5 50
1080i 1920 X 1080 33,75 60
28,125 50
1080p 1920 X 1080 67,50 60
56,250 50
27 24
33,75 30
HDMI 2160p 3840 x 2160 53,95 23,976
54 24
56,25 25
61,43 29,97
67,5 30
Кейбір үлгілер Composite / Component кірісін қолдамауы мүмкін.
Қолдау көрсетілетін Dual Play пішімдері: Қатар / Үстінде және астында