Бірнеше торда пісіру уақыт пен қуатты үнемдейді. Мүмкіндігінше, бірдей әзірлеу температурасын қажет ететін тағамдарды бір пеште бірге пісіріңіз.
Оңтайлы өнімділік пен қуатты үнемдеу үшін тор мен табаны дұрыс орналастыру бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Пештің жеңіл ластануын Пиролиз орнына EasyClean функциясының көмегімен тазалау арқылы қуатты үнемдеңіз.
Пайдалану кезінде пештің есігін шамадан тыс ашпаңыз. Бұл пештің температураны ұстап тұруына көмектеседі, қажетсіз жылу жоғалуын болдырмайды және қуатты үнемдейді.