Бұл мүмкіндікті Қолмен пісіру режимдерімен бірге пайдалануға болады. Пісіру жұмысын қашықтан іске қосады немесе тоқтатады. Қашықтан іске қосу мүмкіндігін пайдалану үшін құрылғы үйдегі Wi-Fi желісіне қосылған болуы керек.
Негізгі мәзір экранының төменгі оң жағындағы Параметрлер түймесін басып, содан кейін Қашықтан іске қосу түймесін басыңыз.
Қашықтан іске қосу функциясын белсендіру үшін ҚОСУЛЫ опциясын, өшіру үшін ӨШІРУЛІ опциясын таңдаңыз.
ҚОСУЛЫ күйі таңдалса, дисплейдің жоғарғы жағында w Қашықтан іске қосу белгішесі көрсетіледі.
Қашықтан іске қосу белсендірілген кезде, дисплейде «Қашықтан іске қосу қосулы. Қашықтан іске қосу функциясын пайдалану үшін LG ThinQ қолданбасын тексеріңіз.» көрсетіледі.
Қашықтан іске қосу функциясын пайдалану үшін LG ThinQ қолданбасындағы нұсқауларды орындаңыз.