Камераны немесе смартфондағы QR кодын оқу құралын пайдаланып өнімге тіркелген QR кодын сканерлеңіз.
Wi-Fi қосылымын тексеру үшін басқару тақтасындағы f белгішесі жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы 2,4 Ггц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе сымсыз бағдарлауыштың нұсқаулығын қараңыз.
LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа немесе желілік байланысқа қатысты қандай да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе қателіктерге жауапты емес.
Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі қызметін баяулатуы мүмкін.
Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда қандай да бір қиындықтар туындаса, ол көп жағдайда роутерге байланысты емес. Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып алыңыз.
Желілік байланыс интернет қызметінің провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi байланысы қосылмауы мүмкін немесе ажырап кетуі мүмкін.
Құрылғыны сымсыз сигнал беру ақауларына байланысты қосу мүмкін болмаса, құрылғыны розеткадан ажыратып, әрекетті қайталамас бұрын шамамен бір минут күтіңіз.
Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса, оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай ретінде қосыңыз.
Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз)
Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI) телефонның операциялық жүйесіне (OS) және өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Роутердің қауіпсіздік протоколы WEP күйіне орнатылған болса, желіні орнату сәтсіз болуы мүмкін. Қауіпсіздік протоколын өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады) және өнімді қайта қосыңыз.