Үсті > СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ > Smart Diagnosis функциясы > Мәселелерді диагностикалау үшін дыбыстық диагностикалауды пайдалану

Мәселелерді диагностикалау үшін дыбыстық диагностикалауды пайдалану

Дыбыстық диагностикалау әдісін пайдалану үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

  • LG ThinQ қолданбасын іске қосып, мәзірде Smart Diagnosis мүмкіндігін таңдаңыз. LG ThinQ қолданбасында дыбыстық диагностика үшін нұсқауларды орындаңыз.

  1. Негізгі мәзір экранының төменгі оң жағындағы Параметрлер түймесін басып, экранды сырғытыңыз, содан кейін Smart Diagnosis түймесін басыңыз.

    • Егер дисплей құлыпталған болса, құлыпты өшіріп, оны қайта қосу керек.

  2. Телефон микрофонын экранның жоғарғы сол жақ бұрышына орналастырыңыз.

  3. Сигнал беру аяқталғанша телефонды орнында ұстаңыз. Дисплей уақытты есептейді. Кері санақ аяқталып, үндер тоқтағаннан кейін диагноз қолданбада көрсетіледі.

ЕСКЕРТПЕ
  • Ең жақсы нәтижелер алу үшін үндер тасымалданып жатқанда телефонды жылжытпаңыз.