Q: | Менің жаңа пешім бұрынғы пешім сияқты әзірлемейді. Температура параметрлерінде ақау бар ма? |
A: | Жоқ. Сіздің пешіңіз зауытта сыналған және калибрленген. Алғашқы бірнеше пайдалану үшін рецепт уақыттары мен температураларды мұқият қадағалаңыз. Егер әлі де жаңа пеш тым ыстық немесе тым салқын деп ойласаңыз, әзірлеу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пештің температурасын өзіңіз реттей аласыз. Термостатыңызды реттеуге қатысты қарапайым нұсқауларды осы нұсқаулықтағы Параметрлерді өзгерту бөлімінен қараңыз. |
Q: | Пешті пайдаланып жатқанда оның артқы жағынан шертілген дыбысты есту қалыпты жағдай ма? |
A: | Сіздің жаңа құрылғыңыз пештің температурасын қатаң бақылауға арналған. Жаңа пеште пештің қыздыру элементтерінің шертілген дыбысын жиі естисіз. Бұл қалыпты жағдай. |
Q: | Конвекциялық әзірлеу кезінде есікті ашқанда желдеткіш тоқтайды. Бұл қалыпты ма? |
A: | Иә, бұл қалыпты жағдай. Есік ашылғанда, конвекциялық желдеткіш есік жабылғанша тоқтайды. |
Q: | Пеш камерасындағы тамшыларды ұстау үшін алюминий жұқалтырды пайдалануға бола ма? |
A: | Пештің түбіне немесе бүйірлеріне төсеу үшін ешқашан алюминий жұқалтырды пайдаланбаңыз. Жұқалтыр ериді және пештің түбіне жабысып, алынбайды. Оның орнына тамшыларды ұстау үшін пештің төменгі торына қойылған жұқалтыр төселген пісіру табасын пайдаланыңыз. (Егер жұқалтыр пештің түбінде еріп кеткен болса, ол пештің жұмысына кедергі келтірмейді.) |
Q: | Тордың үстінде алюминий жұқалтырды пайдалануға болады ма? |
A: | Торларды алюминий жұқалтырмен жаппаңыз. Бүкіл торларды жұқалтырмен жабу ауа ағынын шектейді, бұл нашар әзірлеу нәтижелеріне әкеледі. Жеміс бәліштерін немесе басқа қышқыл немесе тәтті тағамдарды дайындау үшін жұқалтыр төселген пісіру табасын пайдаланыңыз, сонда қалдықтар пештің бетіне зақым келтірмейді. |
Жұқалтырды пешке тағамды орап салу үшін пайдалануға болады, бірақ жұқалтырдың пеште ашық қыздыру элементтерімен/грильде дайындау элементтерімен жанасуына жол бермеңіз. Жұқалтыр еруі немесе тұтануы мүмкін, бұл түтінге, өртке немесе жарақатқа әкелуі мүмкін.
Q: | Торларым жабысқақ болып, сырғытып шығару қиын болып қалса, не істеуім керек? |
A: | Уақыт өте келе торларды ішке және сыртқа сырғыту қиынға соғуы мүмкін. Тордың бүйірлеріне аз мөлшерде зәйтүн майын жағыңыз. Бұл оңай сырғанау үшін майлағыш ретінде жұмыс істейді. |
Q: | Грильде дайындағанда пештің есігі ашық болу керек пе, әлде жабық болу керек пе? |
A: | Сіздің электр пешіңіз есігі ашық күйде грильде дайындауға арналмаған. Егер сіз пештің есігін ашып грильде дайындасаңыз, пеш есігі немесе дисплей зақымдалуы мүмкін. |
Q: | Неге функция түймелері жұмыс істемейді? |
A: | Басқару құлпы іске қосылғанын тексеріңіз. Егер Басқару құлпы іске қосылса, дисплейде k құлыптау белгішесі пайда болады. Басқару құлпы өшіру үшін Пайдалану тарауындағы Басқару құлпы бөлімін қараңыз. |
Q: | Құрылғының жанында балалардың қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ете аламын? |
A: | Құрылғыны пайдалану кезінде және пайдаланғаннан кейін пештің беттері суығанша балаларды қадағалау керек. Сондай-ақ балалардың кездейсоқ пешті қосуына жол бермеу үшін Басқару құлпы функциясын пайдалануға болады. Басқару құлпы пешті басқару элементтерінің көбісін өшіреді. Пайдалану бөліміндегі Басқару құлпы тақырыбын қараңыз. |