Жылдам іске қосу функциясы
Бұл функцияның көмегімен СТАРТ түймесін басқан сайын Жоғары қуатта ас әзірлеудің 30 секундтық интервалын орнатуға болады.СТОП түймесін басыңыз.СТАРТ түймесін төрт рет басып көріңіз.Пеш ас әзірлеуді бастайды және дисплейде кері санақ басталады.Пеш ас әзірлеу процесін дереу бастап, жоғары қуат деңгейінде 30 секунд жұмыс істейді.СТАРТ түймесін басқан сайын ас әзірлеу уақыты 30 секундқа артады.Ас әзірлеу уақытын 99 минут 59 секундқа дейін ұзартуға болады.
Қолмен реттелетін ас әзірлеу процесі
Автоматты ас әзірлеу функциясын қолданбасаңыз, ас әзірлеу уақыты мен қуат деңгейі қолмен орнатылады.СТОП түймесін басыңыз.Дисплейде жоғары қуат деңгейі пайда болғанға дейін ƏЗІРЛЕУ РЕЖИМІ түймесін басыңыз.Көп/Аз арқылы қажетті қуат деңгейін таңдаңыз, содан кейін СТАРТ түймесін басыңыз.Көп/Аз түймесін басу арқылы қажетті уақытты таңдап,СТАРТ түймесін басыңыз.Ас әзірлеу процесі аяқталғанда, дыбыстық сигнал шығады және дисплей терезесінде End сөзі пайда болады. Есік ашылғанға дейін немесе кез келген түйме басылғанға дейін, дисплейде End сөзі тұра береді және дыбыстық сигнал бір минут сайын қайталанып тұрады.Егер қуат деңгейі таңдалмаса, пеш әдепкі параметр бойынша Жоғары қуат деңгейінде тұрады.
Гриль дайындау
Бұл функция тағамды алдын ала қыздырмай тез қызартып, қытырлақ етуге мүмкіндік береді.СТОП түймесін басыңыз.Дисплейде GrlL пайда болғанға дейін ƏЗІРЛЕУ РЕЖИМІ түймесін басыңыз, содан кейін СТАРТ түймесін басыңыз.Көп/Аз түймесін басу арқылы қажетті уақытты таңдап,СТАРТ түймесін басыңыз.Ас әзірлеп болған соң, тамақты және керек-жарақты алу үшін қолғап киіңіз, себебі пеш және керек-жарақтар қатты ысып кетуі мүмкін.Тартпаны гриль және гриль аралас пісіру кезінде қолдануға болады. Тіректі шыны табаққа салыңыз.
Гриль тіркесімімен дайындау
Бұл функция жылдам пісіру үшін микротолқынды пешті грильмен біріктіруге мүмкіндік береді.СТОП түймесін басыңыз.ДисплейдеCo-1 пайда болғанға дейін ƏЗІРЛЕУ РЕЖИМІ түймесін басыңыз.Көп/Аз арқылы қажетті микротолқынды пеш қуатының деңгейін таңдаңыз, содан кейін СТАРТ түймесін басыңыз.Микротолқынды пештің қуат деңгейлеріCo-1: 200 Вт, Co-2: 300 Вт, Co-3: 400 ВтКөп/Аз түймесін басу арқылы қажетті уақытты таңдап,СТАРТ түймесін басыңыз.Пісіру кезінде пісіру уақытын Көп/Аз пайдалану арқылы реттеуге болады.Ас әзірлеп болған соң, тамақты және керек-жарақты алу үшін қолғап киіңіз, себебі пеш және керек-жарақтар қатты ысып кетуі мүмкін.Тартпаны гриль және гриль аралас пісіру кезінде қолдануға болады. Тіректі шыны табаққа салыңыз.