Үсті > Пайдалану > Қосымша опциялар мен функциялар > Негізгі опцияларды пайдалану

Негізгі опцияларды пайдалану

Келесі негізгі опцияларды пайдаланып бағдарламаларды теңшеуге болады:

Добавить белье (Жүктеме қосу)

Жуу бағдарламасы басталған соң, киімдерді қосу немесе шығару үшін осы опцияны пайдалануға болады.

  • Вкл/Выкл түймесін басыңыз.

  • Кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.

  • Старт/Пауза түймесін басыңыз.

  • Қажет болса, Добавить белье (Жүктеме қосу) түймесін басыңыз.

  • Есікті құлыптан босатқаннан кейін ашып, қажетті киім заттарын қосыңыз немесе алыңыз.

  • Есікті жабыңыз және Старт/Пауза түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барабан ішіндегі су деңгейі немесе температура жоғары болып тұрғанда, есік құлыптаулы болады. Бұл уақытта киімді қосу мүмкін емес.

Режим таймера (Уақытты кідірту)

Көрсетілген уақыт аралығынан кейін құрылғыны автоматты түрде іске қосып, аяқтайтындай етіп, осы функцияны орната аласыз.

  • Вкл/Выкл түймесін басыңыз.

  • Кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.

  • Қажет болса, Режим таймера (Уақытты кідірту) түймесін басыңыз.

  • Старт/Пауза түймесін басыңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Режим таймера (Уақытты кідірту) түймесінің жарық диодынан басқа, басқару тақтасындағы барлық жарық диодтары 20 минут ішінде өшіріледі. Бұл функция сатып алынған үлгіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  • Кідірту уақыты – бағдарламаның басталуына дейінгі емес, аяқталуына дейінгі уақыт. Нақты жұмыс істеу уақыты су температурасына, киімге және басқа факторларға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

  • Функциядан бас тарту үшін Вкл/Выкл түймесі басылуы қажет.

  • Бұл функцияға сұйық жуғыш затты пайдаланбаңыз.