Үсті > АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ > Сервис Орталығына Жүгінер алдында > Қате туралы хабарламалар

Қате туралы хабарламалар

1E

СУ БЕРУДІҢ АҚАУЛЫҒЫ

Себебі

Су аталмыш жерде тиянақты түрде жеткізілмейді. Су құрылғыға ақпайды немесе баяу ағады.

Шешімі
  • Үйдегі басқа кранды пайдаланыңыз.

Себебі

Су жеткізу шүмегі толық ашылмаған. Су құрылғыға ақпайды немесе баяу ағады.

Шешімі
  • Кранды толық ашыңыз.

Себебі

Су беру шлангі(лері) бүгілген.

Шешімі
  • Шлангты түзетіңіз немесе су келтіру шлангісін қайта орнатыңыз

Себебі

Беру шлангісінің(лерінің) сүзгісі бітелген.

Шешімі
  • Крандарды ажыратқаннан және кір жуғыш машинамен шлангі қосындыларын жойғаннан кейін қабылдау клапанының сүзгісін тексеріңіз және тазалаңыз.

Себебі

Егер су беру шлангісінде су ақса, индикатор қызыл түспен жанады.

Шешімі
  • Оны судың ағуынан қорғалған жаңа су беру шлангісімен ауыстырыңыз.

UE

ТЕПЕ-ТЕҢДІК БҰЗЫЛУ ҚАТЕЛІГІ

Себебі

Құрылғыда құрылғының тепе-теңсіздігін анықтайтын және түзететін жүйе бар.

Шешімі
  • Цикл аяқталғанда киімдер шылқып су болып тұруы мүмкін. Олардың дұрыс айналуы үшін киімдерді шығарып, аздан салыңыз. Есікті жабыңыз және Старт/Пауза түймесін басыңыз. Құрылғы бірнеше минуттан кейін айнала бастайды. Айналғанға дейін, есік құлыптаулы тұруы керек.

Себебі

Жүк тым аз. Егер бір ауыр бұйым (мысалы, ванна кілемшесі, ванна халаты т.б.) салынса, жүйе айналдыруды немесе айналдыру циклін тоқтатуы мүмкін.

Шешімі
  • Жүктің тепе-теңдігін сақтау үшін 1 немесе 2 ұқсас бұйымды немесе кішірек киімдер қосыңыз. Есікті жабыңыз және Старт/Пауза түймесін басыңыз. Құрылғы айналуды бастағанша, бірнеше минут өтуі мүмкін. Барабан айналуды бастау үшін есік құлыпталған болу қажет.

OE

СУ ШЫҒЫСЫНЫҢ ҚАТЕЛІГІ

Себебі

Ағызу шлангісі бүгілген немесе бітелген. Құрылғыдағы су ақпайды немесе баяу ағады.

Шешімі
  • Ағызу шлангісін тазалап, туралаңыз.

Себебі

Ағызу сүзгісі бітелген.

Шешімі
  • Су ағызу сүзгісін тексеріңіз және тазалаңыз.

dE dE1 dEz dE4

ЕСІК ҚАТЕЛІКТЕРІ

Себебі

Есік датчигінің істен шығуы.

Шешімі
  • LG қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Жергілікті LG Қызмет көрсету орталығының телефон нөмірін Кепілдік түбіртегінен таба аласыз.

tE

БАСҚАРУ ҚАТЕСІ

Себебі

Басқару жүйесінің қателігі.

Шешімі
  • Ашаны ажыратып, қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.

LE

МОТОРДЫ ҚҰЛЫПТАУ ҚАТЕЛІГІ

Себебі

Мотор артық жүктелген.

Шешімі
  • Мотор суығанша 30 минут кідіртіп, содан кейін циклді қайта бастаңыз.

FE

ШАМАДАН ТЫС СУ ҚҰЮ ҚАТЕСІ

Себебі

Су клапанының ықтимал ақаулығы себебінен су толып кетеді.

Шешімі
  • Су кранын жабыңыз. Қуат ашасын ажыратыңыз. Сервистік орталыққа хабарласыңыз.

PE

ҚЫСЫМ ДАТЧИГІНІҢ ҚАТЕЛІГІ

Себебі

Су деңгейі датчигінің істен шығуы.

Шешімі
  • Су кранын жабыңыз. Қуат ашасын ажыратыңыз. Сервистік орталыққа хабарласыңыз.

vs

ШАМАДАН ТЫС СУ ҚҰЮ ҚАТЕСІ

Себебі

Тербелу датчигінің істен шығуы.

Шешімі
  • Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.

FF

МҰЗДАТЫЛУ ҚАТЕЛІГІ

Себебі

Су беру шлангісі/ағызу шлангісі немесе ағызу сорғысы қатып қалған.

Шешімі
  • Ағызу шлангісі мен ағызу сорғысын жылыту мақсатында, барабанға жылы су жіберіңіз. Су беру шлангісін ылғал және жылы сүлгімен жабыңыз.

AE

СУДЫҢ АҒУЫ

Себебі

Су ағуы.

Шешімі
  • Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.

PF

ҚУАТ ҚАТЕЛІГІ

Себебі

Жұмыс барысында қуат қателігі немесе электр қызметіндегі іркіліс орын алған болуы мүмкін.

Шешімі
  • Циклді қайта бастау үшін Старт/Пауза түймесін басыңыз.

dHE

КЕПТІРУ ҚАТЕСІ

Себебі

Кептіру функциялары ғана жұмыс істемейді.

Шешімі
  • Қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз.