Сатып алған модельге байланысты бұл функция өзгеріп отыруы мүмкін.
Әйнектен жасалған сөрелер суық болса, оларды жылы сумен тазалауға болмайды. Сөрелер температураның күрт өзгеруіне немесе соққыға байланысты сынып кетуі мүмкін.
Сөрені алу үшін, жанындағы сөрені ұстап тұрып, оның қозғалып кетпеуін қадағалаңыз.
Екі сөрені ортасынан ажыратып, алып тастағыңыз келген сөренің алдыңғы бөлігін екінші сөреден толық ажырағанша жоғары қарай еңкейтіңіз.
Сөрені астыңғы жағынан тіреп, тіке жоғары көтеріңіз.
Сөрені тартып шығарыңыз.
Қайта орнату үшін сөренің алдыңғы жағын жоғары қарай еңкейтіп, ілмектерін қажетті биіктіктегі ұяшықтарға бағыттаңыз.
Алдымен сол жақта орналасатын сөрені құрастырыңыз.
Дәл солай қалған сөрені оң жаққа орнатыңыз.
Сол жақ сөрені жоғары көтеріп, ал оң жақ сөрені басып, екі сөренің де бір тегіс екеніне көз жеткізіңіз.
Сөрелердің деңгейі бірдей екенін тексеріңіз. Мұны сақтамасаңыз, сөренің құлауына немесе азық-түліктің төгілуіне әкелуі мүмкін.