Үсті > Пайдалану > Батареяны зарядтау > Қосалқы батареяны зарядтау

Қосалқы батареяны зарядтау

Шаңсорғыш зарядталып біткен соң, қосалқы батарея зарядтала бастайды.

Бір немесе екі батарея беріледі. Батареялар саны сатып алынған үлгіге байланысты болады.

  • Зарядтау станциясының үстіндегі басқару тақтасының алдыңғы жағын көтеріңіз.

  • Батареяны кірістіру үшін батарея зарядтағыштың жиегімен туралап салыңыз.

  • Батареяны бөлікке басып енгізіңіз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Күй дисплейіндегі қосалқы батарея белгішесі (*) зарядтау барысында жыпылықтап тұрады, ал зарядтау аяқталғаннан кейін энергияны үнемдеу үшін қысқа уақыт жанады да, сөнеді.

  • Қосалқы батареяны толығымен енгізіңіз. Егер қосалқы батарея дұрыс енгізілген болса, қосалқы батарея белгішесі (*) жыпылықтайды.