Үсті > ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > АБАЙЛАҢЫЗ > Орнату

Орнату

  • Тоқ соғуды немесе өрттің шығуын болдырмау мақсатында, құрылғыны су, жаңбыр тамшылары немесе жоғары ылғалдылық әсер ететін орынға орнатпаңыз, зарядтамаңыз немесе сақтамаңыз.

  • Құрылғыны жақсы желдетілетін орынға орнатыңыз, зарядтаңыз және сақтаңыз.

  • Құрылығыны тұтанғыш газ, өндірістік май ағу немесе металл шаңдардың болу қаупі бар аймақтарда қолданудан аулақ болыңыз.

  • Құрылғыны, қуат сымын немесе ашаны жылытқыш құрылғыларға немесе ашық алау көздеріне жақын сақтамаңыз немесе орнатпаңыз.

  • Зарядтау станциясын берік, тегіс бетке орнатыңыз.

  • Құрылғыны 5 °C градустан төмен немесе 38 °C градустан жоғары температурада пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.

  • Құрылғыны температурасы нөлден төмен немесе сыртқы ауа-райы жағдайлары әсер ететін орында сақтамаңыз немесе орнатпаңыз.

  • Құрылғыны орнату немесе жылжыту барысында, қуат сымының немесе ашаның қысылып қалмауын, сынбауын немесе зақымдалмауын қадағалаңыз.