Құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық нұсқаулықтарды оқып, осы нұсқаулықтарды сақтаңыз.
Тек осы нұсқаулықта сипатталғаны бойынша пайдаланыңыз. Тек өндіруші ұсынған тіркелгіні пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы тек қалыпты ішкі тұрмыстық пайдалануға арналған. Ол басқа бір тұрмыстық емес, коммерциялық немесе өндірістік қолдану мақсатында пайдалануға арналмаған.
Қуат сымын, ашаны немесе құрылғының басқару элементтерін су қолыңызбен ұстамаңыз.
Сымдағы немесе ашадағы кез келген ылғалды немесе кірді құрғақ матамен сүртіп алыңыз.
Зақымдалған болса немесе зақымдалған сым не аша сияқты бөлшектері жетіспесе не сынған болса, ешқашан бұл құрылғыны пайдаланбаңыз. Көмек алу үшін өкілетті LG Electronics қызмет көрсету орталығына немесе дилерге апарыңыз.
Қуат сымын қатты күш салып майыстырмаңыз немесе оны ауыр заттың астына қоймаңыз, себебі ол зақымдалуы мүмкін.
Бұл құрылғымен бірнеше шығысты адаптерлерді пайдаланбаңыз. Міндетті түрде сыйымдылығы 10 А қуат розеткасын пайдаланыңыз.
Құрылғыны зақымдалған немесе бұзылған розеткаға енгізбеңіз.
Құрылғы ұзақ уақыт пайдаланылмайтын кезде қуат сымын ажыратыңыз.
Қуат сымын зақымдамаңыз, ауыстырмаңыз, күшпен майыстырмаңыз, бүкпеңізғ тартпаңыз, қыспаңыз немесе қыздырмаңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын кез келген сымын немесе бауын еденнен алып тастаңыз.
Қуат сымын суырып алған кезде оның айырларына саусағыңызды (саусақтарыңызды) тигізбеңіз.
Қуат сымын алашалармен немесе кілемдермен жауып тастамаңыз.
Қуат ашасы түсіп қалмауы үшін қабырға розеткасына қатты басып салыңыз.
Егер өнім суға батырылған болса, қайта пайдаланбас бұрын нұсқаулықтар алу үшін LG Electronics қызмет көрсету орталығына немесе дилерге хабарласыңыз.
Егер өнімнен түсініксіз шу немесе иіс я түтін шығатын болса, LG Electronics компаниясының тұтынушыларға ақпараттық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тек LG Electronics компаниясының білікті техниктері немесе қызмет көрсетуші персоналы құрылғыны бөлшектей, жөндей немесе өңдей алады.
Ешқашан құрылғы немесе зарядтау станциясының тесігіне немесе саңылауына ине, шеге немесе пышақ сияқты өткір металл заттарды енгізбеңіз.
Бұл құрылғымен сұйықтықтарды соруға болмайды. Құрылғы ішіне немесе зарядтау станциясына су, сусындар немесе жуғыш заттың енуіне жол бермеңіз.
Құрылғының өткір жүздерді, түйреуіштерді, жоңқаларды, өткір заттарды немесе ыстық я суық күлдерді сыпырып тартып алуына жол бермеңіз.
Балалардың құрылғыны пайдалануына рұқсат бермеңіз.
Құрылғыны пайдалану, зарядтау немесе жинау барысында балалардың немесе үй жануарларының оның қасында тұрына болмайды.
Саптаманы немесе құралдарды аузыңызға салмаңыз.
Киімді және шашты, саусақтарды немесе дененің басқа бөліктерін саңылауларға және қозғалмалы бөліктерге жақындатпаңыз.
Құрылғыны сору кірісі немесе шығысы бұғатталған болса қолданбаңыз.
Шаң жинағыш контейнері және сүзгілер орнатылмаған құрылғыны пайдаланбаңыз.
Бояу еріткіштен, күйеден қорғауыш заттардан, тұтанатын заттардан немесе басқа жарылғыш я уытты заттардан болатын булар жиналған жабық кеңістікте пайдаланбаңыз.
Құрылғыдағы және зарядтау станциясындағы зарядтау клеммаларына қол тигізбеңіз немесе құрылғы ішіне не станциясына электр тогы бар затты енгізбеңіз.
Құрылғыны пайдаланбағанда міндетті түрде зарядтау станциясына қойып сақтаңыз.
Құрылғыны қабырғаларға, орындықтарға немесе үстелдерге сүйеп қоймаңыз.
Егер жерге тұйықтауды ажыратқыш өнімді зарядтау станциясына орнатқанда іске қосылса, құрылғыны зарядтау станциясынан дереу алып тастаңыз. LG Electronics компаниясының тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Баспалдақтарды тазалағанда өте мұқият болыңыз.
Жылыту құрылғысын немесе тұтанатын заттарды (эфир, бензол, спирт, химиялық заттар, жанғыш спрей, инсектицид, ауа сергітуші немесе косметиканы) құрылғыға жақын ұстамаңыз.
Сұйық заттарды (су, сусындар), иісі бар заттарды (кәмпит, шоколад, үй жануарларының нәжістері), металл заттарды (пышақтар, инелер), тұтанғыш заттарды, жанатын/түтін шығатын заттарды (темекілер, сіріңкелер немесе ыстық күл) сурфактанттарды немесе шыны жарықшақтарды осы құрылғымен тазалап алуға әрекеттенбеңіз.
Газ шыққан жағдайда (табиғи газ, пропан газ, т.б.), осы немесе қандай да бір басқа құрылғыны қолданбаңыз. Аймақты дереу желдету үшін терезені немесе есікті ашыңыз.
Батарея зарядтау станциясында тұрғанда, зарядтау станциясын төңкеріп ұстамаңыз.
Құрылғыға, әсіресе батареяға жылудың, жылыту құрылғысының немесе тікелей күн сәулесінің әсерін тигізбеңіз.
Құрылғыны немесе оның батареясын тікелей күн сәулесі түсетін көліктің ішінде қалдыруға болмайды.
Батареяның ішіне су, сусын немесе жуғыш құралдың енуіне жол бермеңіз.
Батареяға физикалық күш түсірмеңіз.