Үсті > ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ > Құрылғыны тазалау > Шаң жинағыш контейнерді тазалау

Шаң жинағыш контейнерді тазалау

Шаң жинағыш контейнерді әр пайдаланған соң босатыңыз және тазалаңыз.

  • Егер шаң жинағыш контейнер шаңға толып қалса немесе сүзгі кептелсе, сору күші азаюы мүмкін.

  • Шаң жинағыш контейнерді тазаламас бұрын, батареяны өнім корпусынан шағыраңыз.

  • Шаң жинағыш контейнер қақпағын ашу үшін шаң жинағыш контейнер қақпағын босату түймесін a басыңыз. Шаң жинағыш контейнерді шайқап босатыңыз.

    • Абай болыңыз, себебі шаң жинағыш контейнерді ашқан кезде шаң немесе бөгде заттар шашырауы мүмкін. Шаң жинағыш контейнерді қоқыс жәшігіне немесе шаң мен бөгде заттарды оңай алып тастауға болатын орынға босатыңыз.

  • Қуысты тазалау құралын c циклонды тор сүзгіге b енгізіп, сүзгіні шығару үшін оны сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

  • Циклонды тор сүзгіні ағып тұрған сумен жуыңыз.

    • Иіс шығуына және мотордың істен шығуына жол бермеу үшін циклонды тор сүзгіні қайта құрастырмас бұрын, кемінде 24 сағат бойы тікелей күн сәулесі түспейтін, жақсы желдетілетін бөлмеде толығымен құрғатыңыз.

  • Қиыстыру құралын шаң жинағыш контейнер ішіндегі шаңды немесе бөгде заттарды тазалап шығару үшін пайдаланыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ
  • Өнім корпусын сумен жууға болмайды. Моторға су тиіп, ток соғуына немесе өртке себеп болуы мүмкін.

  • Сумен қоса майларды немесе кез келген сұйықтықтарды сорып алу үшін өнім корпусын пайдаланбаңыз.

  • Циклонды тор сүзгісі орнатылмаған құрылғыны пайдаланбаңыз. Осылай жасау арқылы өнімді зақымдайсыз.

  • Өнімнің зақымдалуын, жеке жарақттануды немесе ток соғуды болдырмау мақсатында, саусақтарды немесе өткір заттарды мотор ішіне салмаңыз.

  • Өнімнің зақымдалуын, жарылу немесе өрт шығуды болдырмау мақсатында, бөгде заттардың моторға енуіне жол бермеңіз.

ЕСКЕРТУ
  • Циклонды тор сүзгіні күшпен қолданбаңыз немесе күш түсірмеңіз. Осылай жасау арқылы сүзгіні зақымдап, өнім өнімділігіне әсер етіп, өнімнің істен шығуына алып келуіңіз мүмкін.