Үсті > ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ > Саптамаларды тазалау > Көп беттерге арналған саптаманы тазалау

Көп беттерге арналған саптаманы тазалау

Әр пайдалану алдында щетка мен роликтерді тазалаңыз.

  • Егер щеткада бөгде заттар бар болса, щетка айналмауы немесе қолдану барысында шуыл пайда болуы мүмкін.

  • Саптаманы түтіктен немесе өнім корпусынан шығарып тастау үшін саптаманы босату түймесін a басыңыз.

  • Саптаманы астын жоғары қаратып бұрап, құлыптау ұясын b басыңыз.

  • Щетка қақпағын алдыға қарай итеріп, щетканы шығарып алыңыз.

  • Саңылаулар құралын өнімнің корпусына салыңыз және вакуумды пайдаланып щеткадан және саптаманың түбінен бөтен заттар мен шаңды алыңыз.

  • Щеткада және саптаманың астыңғы жағында қалған бөгде заттар мен шаңды кетіру үшін ылғал шүберекті немесе матаны пайдаланыңыз.

    • Барлық саптама роликтеріндегі бөгде заттарды пинцетпен алып тастаңыз.

    • Айналмалы щетканы немесе саптаманы сумен шаймаңыз немесе суға батырмаңыз.

  • Щетканы саптама ішіне кері сырғытып, қақпақты орнына кері айналдырыңыз. Қақпақты құлыптау үшін қақпақ құлпын сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.