Камераны немесе смартфондағы QR кодын оқу құралын пайдаланып өнімге тіркелген QR кодын сканерлеңіз.
Google Play Store немесе Apple App Store дүкенінен смартфон арқылы LG ThinQ қолданбасын тауып, орнатыңыз.
LG ThinQ қолданбасын іске қосып, қолданыстағы тіркелгімен кіріңіз немесе кіру үшін LG тіркелгісін жасаңыз.
LG құрылғысын қосу үшін LG ThinQ қолданбасындағы қосу (~) түймесін түртіңіз. Процесті аяқтау үшін қолданбадағы нұсқауларды орындаңыз.
Wi-Fi байланысын тексеру үшін басқару панеліндегі Wi-Fi индикаторының жанып тұрғанын тексеріңіз.
Құрылғы 2,4 ГГц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе сымсыз роутердің нұсқаулығын қараңыз.
LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа немесе желілік байланысқа қатысты қандай да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе қателіктерге жауапты емес.
Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі қызметінің баяу іске қосылуына әкелуі мүмкін.
Құрылғы мен сымсыз роутер бір-бірінен тым алыс болса, сигнал күші әлсіз болады. Қосылу үшін көп уақыт кетуі немесе орнату сәтсіз болуы мүмкін.
Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда қандай да бір қиындықтар туындаса, роутер құрылғыдан тым алыс орнатылған болуы мүмкін. Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып алыңыз.
Желілік байланыс интернет қызметінің провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Wi-Fi байланысы үйдің желілік ортасына байланысты қосылмауы немесе үзілуі мүмкін.
Сымсыз сигнал берілісіне қатысты мәселелер болғандықтан құрылғы қосылмайды. Құрылғыны токтан ажыратыңыз да, әрекетті қайталамай тұрып, бір минуттай күте тұрыңыз.
Егер сымсыз роутердегі брандмауэр қосылған болса, брандмауэрды өшіріңіз немесе оған ерекше жағдай қосыңыз.
Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Арнайы таңбаларды қолданбаңыз.)
Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI) телефонның операциялық жүйесіне (OS) және өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP күйіне орнатылған болса, желіні орната алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік протоколдарына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады) және құрылғыны қайтадан қосыңыз.