Үсті > ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ > Тазалау > Тазалау аралығы

Тазалау аралығы

Құрылғыны тазалау

Құрылғы ұзақ уақыт қолданылмайтын болса, оны жақсы күйде сақтау үшін кептіріңіз. Өнімділік оңтайлы болуы үшін және ықтимал ақаудың алдын алу үшін құрылғыны жиі тазалап тұрыңыз.

  • Құрылғыны Желдету режимінде 3-4 сағат кептіріп, қуатты өшіріңіз. Құрылғы құрамдастарында ылғал қалып қойса, іштей зақымдалуы мүмкін.

  • Құрылғыны қайта пайдаланбай тұрып, оның ішіндегі құрамдастарын Желдету режимінде 3-4 сағат кептіріңіз. Бұл әрекет ылғал әсерінен туындайтын жағымсыз иісті азайтуға көмектеседі.

Түрі

Кескін

Аралық

Ауа сүзгісі

  • Шаңсорғышпен тазалаңыз немесе қолмен жуыңыз.

  • 2 апта

ЕСКЕРТУ
  • Сүзгіні құралдан алмас бұрын, құрылғыны өшіріп, қуат ашасын суырыңыз немесе негізгі қуат қосқышын өшіріңіз.

  • Сүзгіні күштеп ажыратпаңыз немесе құрастырмаңыз. Бұл сүзгіні зақымдауы мүмкін.

  • Сүзгіні тазалағаннан кейін, құрылғыны іске қоспас бұрын, сүзгіні дұрыс орнатыңыз.

    • Сүзгі орнатылмаған болса, шаң немесе бөгде заттар ішкі блокқа кіріп, құрылғының істен шығуына себеп болуы мүмкін.

ЕСКЕРТПЕ
  • Сүзгіні тазалау цикліне сәйкес мұқият тазаламай пайдалануды жалғастырсаңыз, құрылғыдан иіс шығуы мүмкін. Құрылғыны шаңды ортада пайдаланған кезде, сүзгіні әдеттегіден жиірек тазалаңыз.

  • Шаң сияқты ластаушы заттар көп болса немесе сүзгі зақымдалған болса, оны жаңасына ауыстырыңыз.

  • Сүзгіні ауыстыру қажет болғанда LG Electronics қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сүзгіні ауыстыру немесе LG Electronics қызмет көрсету орталығы арқылы тазалау құны кепілдік мерзіміне қарамастан тұтынушыға жүктеледі.

  • Үлгіге байланысты сүзгі құрамдастары немесе пішіндері әртүрлі болуы мүмкін.