Қуат кабелін өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз. Қуат кабельдеріне сызат түссе немесе олар аршылса, өрт шығуы не ток соғуы мүмкін, оларды ауыстыру қажет.
Қуат кабелі кір, бос немесе сынған еместігіне көз жеткізіңіз.
Қуат кабелінің үстіне ешқандай зат қоймаңыз.
Қуат кабелінің жанына ысытқышты немесе басқа жылытуу құрылғыларын қоймаңыз.
Қуат кабелі орнату кезінде тартып алынбайтынына немесе зақымдалмайтынына көз жеткізіңіз.
Кондиционерді ешқашан дымқыл қолмен ұстауға, пайдалануға немесе жөндеуге болмайды.
Кондиционер жұмыс істеп тұрған кезде, ауа кірісі не шығысы арқылы қолыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.
Балалардың сыртқы блокқа мінбеуін немесе тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
Қосалқы бөлшектер тізімінде берілген бөлшектерді ғана пайдаланыңыз. Жабдықты өзгертуге әрекеттенбеңіз.
Блок жұмыс істеп тұрған кезде немесе жұмыс істегеннен кейін, бірден салқындатқыш түтігін, су түтігін немесе басқа ішкі бөлшектерді ұстамаңыз.
Кондиционердің жанында жанармай, бензин немесе еріткіш сияқты жанғыш заттарды қалдырмаңыз.
Дұрыс желдетілмейтін тар жерде кондиционерді ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Кондиционер мен жылытқыш сияқты жылыту құрылғысы бір уақытта қолданылған кезде, аймақ тиісті түрде желдетілуі керек.
Ауа ағынының кірісін немесе шығысын бөгеуге болмайды.
Кондиционерден шу, жағымсыз иіс немесе түтін шықса, қуатты өшіріңіз.
Кондиционер суға батырылса, өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Газ (мысалы, фреон, пропан газы, сұйытылған көмірсутекті газ, т.б.) жылыстаса, кондиционерді қайта пайдаланбай тұрып, аймақты жеткілікті түрде желдетіңіз.
Қуат үзілген немесе күн күркіреген жағдайда қуатты дереу өшіріңіз.