Үсті > Пайдалану > Басқару панелі > Басқару панелі және функциялары

Басқару панелі және функциялары

  1. Express Freeze

    Бұл функция мұздың көп мөлшерін немесе қатқан тағамдарды жылдам мұздатуы мүмкін.

    • Бұл функция түймені әрбір басқан сайын қосылады және өшіріледі.

    • Бұл функция белгілі бір мерзім өткен соң автоматты түрде тоқтайды.

  2. Freezer

    -23 °C және -15 °C аралығындағы қажетті температураны таңдау үшін осы түймені қайта-қайта басыңыз.

    • Мұздатқыштың әдепкі температурасы – -18 °C.

  3. Fridge

    1 °C және 7 °C аралығындағы қажетті температураны таңдау үшін осы түймені қайта-қайта басыңыз.

    • Тоңазытқыштың әдепкі температурасы – 3 °C.

  4. Wi-Fi

    Бұл түйме құрылғыға үйдің Wi-Fi желісіне қосылуға мүмкіндік береді. LG ThinQ қолданбасын бастапқы орнату туралы ақпарат алу үшін «СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ» бөлімін қараңыз.

ЕСКЕРТПЕ
  • Құрылғы энергияны үнемдеу режимінде болған кезде, дисплей есік ашылғанша немесе түйме басылғанша сөніп қалады. Қосылғаннан кейін дисплей 20 секунд бойы жанады.

  • Тазалау кезінде басқару панеліне саусақ немесе дене тиіп кетсе, түйме функциясы жұмыс істеуі мүмкін.

  • Көрсетілген температура құрылғының нақты температурасы емес, ол – мақсатты температура. Нақты температура құрылғының ішіндегі азық-түлікке байланысты өзгеріп отырады.

  • Бұл құрылғыда жерге тұйықтау қосылымы бар, ол тек дұрыс жұмыс істеуге ғана керек.