Сатып алған модельге байланысты бұл функция өзгеріп отыруы мүмкін.
Сөренің алдыңғы жағын жоғары қарай көтеріңкіреп, сөрені тік көтеріңіз.
Сөрені тартып шығарыңыз.
Сөренің алдыңғы жағын жоғары қарай еңкейтіп, ілмектерін қажетті биіктіктегі ұяшықтарға бағыттаңыз.
Сөренің алдыңғы жағын ілмектер ойықтарға ілінетіндей етіп түсіріңіз.
Әйнектен жасалған сөрелер ауыр болады. Оларды алған кезде ерекше мұқият болыңыз.
Әйнектен жасалған сөрелер суық болса, оларды жылы сумен тазалауға болмайды. Сөрелер температураның күрт өзгеруіне немесе соққыға байланысты сынып кетуі мүмкін.