LG тіркелгісін жасау
Есептік жазбаларды басқару қызметінде жаңа LG тіркелгісін жасау үшін электрондық пошта мекенжайын пайдалануға болады.
-
Қашықтан басқару құралындағы
түймесін басып, үстіңгі оң жақтағы
опциясын таңдаңыз.
-
Жалпы Есептік жазбаларды басқару опциясын таңдаңыз.
- ЕСЕПТІК ЖАЗБАНЫ ЖАСАУ опциясын таңдаңыз. Қызмет көрсету шарттарын оқып шығып қабылдаңыз.
- ID мен құпия сөзді енгізіңіз. Идентификаторыңыз электрондық поштаңыздың мекенжайы болуы керек.
- Туған күніңізді енгізіңіз.
- OK опциясын таңдаңыз. Электрондық поштаңыздың мекенжайын тексеру үшін электрондық поштаңызға өтіңіз. Уақыт бітпей тұрып, электрондық поштаңызды тексеріңіз.
- Қызметпен бастау үшін жаңа тіркелгіңізге кіріңіз.
Бұл мүмкіндік тек кейбір елдерде қол жетімді.
Тіркелгі жасау үшін интернетке қосылу керек.
Қажетті ақпарат елге байланысты басқаша болуы мүмкін.
Электрондық пошта мекенжайын пайдаланбайтын қолданыстағы идентификаторларды электрондық поштаңыздың мекенжайына өзгертуге болады.
Жасыңызға байланысты қызметті пайдалануды шектеуі мүмкін.
Бұл функцияға қатысты мәселені шешу үшін, Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі Ақаулықты жою бөлімін қараңыз.