Мобильдік байланыс мүмкіндігін пайдалану
Мобильдік байланыс адамдардың смарт құрылғыларында сақталған мазмұнды теледидар арқылы ортақ пайдалануға және қолдануға мүмкіндік береді.
Сіздің Android смарт құрылғыарыңыз Lollipop немесе кейінгі Android нұсқаларын қолданғаны дұрыс.
Мобильдік байланыс мүмкіндігімен смарт құрылғыны қосу
Төмендегі нұсқауды орындай отырып байланысты орнатыңыз:
  1. LG TV Plus қолданбасын смарт құрылғыға орнатыңыз.
  2. Теледидар мен смарт құрылғыны бір Wi-Fi желісіне қосыңыз.
  3. LG TV Plus қолданбасын іске қосып, экранда көрсетілген нұсқауларды орындай отырып теледидар байланысын орнатыңыз.
  4. Көрсету үшін БАСТЫБАСТЫ түймесін басыңыз, қосылған смарт құрылғылар тізімі экранның оң жағында пайда болады.
  5. Қажетті смарт құрылғыны таңдаңыз.

Қосылған смарт құрылғыҚосылған смарт құрылғы

Бастапқы байланыс орнатылған соң желі аймағына кіргенде, Android смарт құрылғылары автоматты түрде қайта байланысуға әрекет жасайды.
Мобильдік байланыс жүйесімен мазмұнды ортақ пайдалану
Теледидар арқылы смарт құрылғыда сақталған мазмұнды ортақ пайдалануға және тамашалауға болады.
  1. Смарт құрылғыға орнатылған LG TV Plus қолданбасын іске қосыңыз.
  2. Теледидарда қажетті мазмұнды орнатыңыз.
Қолдау көрсетілетін мүмкіндіктер смарт құрылғының операциялық жүйесінің нұсқасына және өндірушісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.