LG TV Plus қолданбасын пайдалану
Смарт құрылғыға орнатылған қолданбамен теледидар функцияларын басқаруға болады.
LG TV Plus қолданбасын пайдаланып, смарт құрылғысын теледидарға қосу
-
LG TV Plus қолданбасын смарт құрылғының қолданба дүкенінен жүктеп алыңыз.
QR кодын сканерлеу арқылы қолданбаны оңай жүктеп алуға болады.Android
iOS
-
Қашықтан басқару құралындағы
түймесін басып, үстіңгі оң жақтағы
опциясын таңдаңыз.
-
Желі опциясына өтіп, LG Connect Apps функциясына қосу мәнін қойыңыз.
- Теледидар мен смарт құрылғыны бір Wi-Fi желісіне қосыңыз.
- Смарт құрылғыға орнатылған LG TV Plus қолданбасын іске қосыңыз.
- Қолданба автоматты түрде смарт құрылғыға қосуға болатын теледидарларды іздейді.
- Іздеу нәтижелерінің тізімінен қажетті теледидарды таңдаңыз. Теледидар экранында PIN коды пайда болады.
- Смарт құрылғыны теледидармен жұптастыру үшін, PIN кодын LG TV Plus қолданбасына енгізіңіз.
LG TV Plus қолданбасымен теледидарды басқару
Теледидарды басқару үшін смарт құрылғының экранындағы түймелерді түртуге болады.
- Дәл сондай функцияларды Magic Remote әмбебеп қашықтан басқару құралының меңзері және көрсеткі пернелері ретінде пайдалануға болады.
- Таратылымды қарау кезінде қашықтан басқару құралын пайдаланбай-ақ, арнаны өзгертуге, дыбыс деңгейін реттеуге немесе басқа реттеулерді жасауға болады.
- Теледидарға орнатылған қолданбаны ашуға немесе кірісті ауыстыру не таңдаулы арналарды қосу сияқты функциялардың параметрлерін конфигурациялауға болады.
Кейбір басқару элементтері сыртқы енгізу режимінде шектеулі болуы мүмкін.
Қолданбаның экраны мен функциялары алдын ала ескертусіз өзгертіле береді.
Қолжетімді функциялар еліңізге және операциялық жүйеңізге қарай әр түрлі болуы мүмкін.