Сурет режимін таңдау
Сурет
Сурет режимінің параметрлері
Сурет режимі
Көру ортаңызға, қалауыңызға немесе бейне түріне өте сай келетін сурет режимін таңдаңыз.
Қалыпты сигналдар пайдалану кезінде
- Шынайы
- Контрастын, ашықтығы мен айқындығын арттырып, суретті айқындайды.
- Стандартты
- Суретті қалыпты контраст, ашықтық және айқындылық деңгейлерімен көрсетеді.
- Eco / APS
-
Қуат үнемдегіш мүмкіндігі теледидардағы параметрлерді қуат тұтынылуын азайтатын етіп өзгертеді.
Өзгермелі элементтер үлгіге немесе елге байланысты өзгеше болады.
- Кинотеатр
- Кескінді бейнелерге сәйкес реттеңіз.
- Спорт / Футбол / Cricket
-
Кескінді спорттық ойындарға сәйкес реттеңіз. Шарды тебу не лақтыру сияқты жылдам әрекеттер экранда анық көрсетіледі.
Спорттың атауы аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
- Ойын
- Кескінді ойын процесіне сәйкес реттеңіз.
- HDR әсері
-
Бұл мүмкіндік дисплейдің ашық және қара аймақтарын түзету арқылы қосымша динамикалық, анық кескінді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұл мүмкіндік бастапқы кескін градациясы деңгейі жоғары болған кезде шынайы кескінді қамтамасыз етеді.Егер Сурет режимі опциясы HDR әсері күйіне орнатылса, кейбір Сурет режимінің параметрлері опцияларын пайдалану мүмкін болмайды. -
Маман
- Голливудтың таңдаулы контентімен жұмыс істейтін Technicolor компаниясының атақты ғалымдарымен реттелген түстер.
-
Експерт (Ашық бөлме)
/
Експерт (Қараңғы бөлме)
-
Маманға немесе сурет сапасы ұнайтын адамға ең жақсы сурет сапасын баптауға мүмкіндік береді. Бұл опция ISF сертификатталған сурет сапасын баптайтын мамандарға берілген реттеуші мәзір болып табылады. (ISF логотипін ISF сертификатталған теледидарымен бірге ғана пайдалануға болады.)
ISFccc : Imaging Science Foundation Certified Calibration Control
HDR / Advanced HDR / Dolby Vision сигналдарын пайдаланған кезде
- Шынайы
- Контрастын, ашықтығы мен айқындығын арттырып, суретті айқындайды.
- Стандартты
- Қалыпты қарау жағдайында ол HDR айқындығын және ашықтығын көрсететін экранды ашады.
- Үй кинотеатры
- Экран Кинотеатр экранына қарағанда ашық әрі анық көрінеді.
- Кинотеатр
- Кескінді HDR бейне сигналына сәйкес реттеңіз.
- Ойын
- Кескінді ойын процесіне сәйкес реттеңіз.
-
Маман
- Голливудтың таңдаулы контентімен жұмыс істейтін Technicolor компаниясының атақты ғалымдарымен реттелген түстер.
Егер HDR / Advanced HDR / Dolby Vision бейне сигналы HDR / Advanced HDR / Dolby Vision технологиясын қолдамайтын үлгілерге берілсе, ол қалыпты сигналды сурет режимінің опцияларын қамтамасыз етеді.
Өзгермелі элементтер үлгіге немесе елге байланысты өзгеше болады.
Кіріс сигналына байланысты қол жетімді сурет режимдері әр түрлі болуы мүмкін.
Онлайн қызмет мазмұнын қарағанда Сурет режимі көрсетіліп жатырған мазмұнға сәйкес келуі үшін өзгертілуі мүмкін.
Маман опциясы сурет сапасы маманына стандартты суреттің сапасын нақты баптауға мүмкіндік береді. Осылайша ол қалыпты суретке тиімді болмауы мүмкін.
Сурет режимі параметрін өзгерту Қуатты үнемдеу және Motion Eye Care параметрлерін өзгертеді және ол энергияны тұтынуға әсер етуі мүмкін.
Қуатты үнемдеу және Сурет опциялары мәзіріндегі параметрлерді қолмен реттеуге болады.