Теледидардың ішкі динамиктерімен дыбыс шығару
БАСТЫБАСТЫ Орнату белгішесіОрнату белгішесі Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Дыбыс Дыбыс шығысы Ішкі ТД үндеткіші
Дыбыс теледидардың ішкі динамиктерінен шығады.
Оптикалық мүмкіндігін қолдайтын дыбыстық құрылғыны қосу және пайдалану
БАСТЫБАСТЫ Орнату белгішесіОрнату белгішесі Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Дыбыс Дыбыс шығысы Оптикалық
Жоғары сапалы және аса қолайлы теледидар дыбысын тыңдау үшін Оптикалық мүмкіндігін қолдайтын дыбыстық құрылғыны оптикалық сандық дыбыс шығысының портына қосуыңызға болады.
Тек оптикалық сандық порты бар үлгілер үшін қолданылады.
Теледидардың қашықтан басқару құралын пайдаланып, қосылған құрылғының дыбыс деңгейін реттеуге болады.
Дыбысты HDMI (ARC) порты арқылы жалғанған сыртқы аудио құрылғысы арқылы тыңдау
БАСТЫБАСТЫ Орнату белгішесіОрнату белгішесі Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Дыбыс Дыбыс шығысы HDMI ARC
Теледидар дыбысын HDMI (ARC) порты арқылы жалғанған сыртқы аудио құрылғысы арқылы тыңдауға болады.
SIMPLINK функциясын автоматты түрде қосу үшін HDMI ARC опциясын таңдаңыз. SIMPLINK функциясы өшірілген соң, шығыс динамиктің параметрлері үздіксіз аудио шығысы үшін автоматты түрде қалпына келтіріледі.
Сандық дыбыс шығару параметрлерін реттеу
БАСТЫБАСТЫ Орнату белгішесіОрнату белгішесі Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Дыбыс Дыбыс шығысы Оптикалық / HDMI ARC Сандық дыбыс шығысы
Сандық дыбыс шығысы параметрлерін реттеуге болады.
Бұл параметрлер тек Оптикалық / HDMI ARC таңдалған кезде қолжетімді болады.
Сандық дыбыс шығару параметрлерін реттеу
Сандық кіріс Сандық дыбыс шығысы
Авто MPEG PCM
Dolby Digital Dolby Digital
Dolby Digital Plus / Atmos (Optical) Dolby Digital
(HDMI ARC) Dolby Digital Plus / Atmos
HE-AAC Dolby Digital
DTS DTS / PCM
DTS Express DTS / PCM
DTS-HD MA PCM / DTS
PCM Бәрі PCM
Дыбыстық құрылғыны сымсыз қосу және пайдалану
БАСТЫБАСТЫ Орнату белгішесіОрнату белгішесі Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Дыбыс Дыбыс шығысы Bluetooth
Теледидар дыбысын сапалы және жақсы күйде тыңдай алу үшін Bluetooth аудио құрылғысын немесе Bluetooth гарнитурасын сымсыз түрде қосыңыз.
Егер дыбыс жолағы LG Sound Sync мүмкіндігіне қолдау көрсететін құрылғыға қосылса, бұл мүмкіндік автоматты түрде құрылғыға қосылады.
Кейбір құрылғыларда теледидар іске қосылған кезде осы мүмкіндік автоматты түрде соңғы қосылған құрылғыға қосылады.
LG Sound Sync мүмкіндігіне қолдау көрсететін LG аудио құрылғысын LG TV немесе LG Sound Sync режимімен қосу ұсынылады.
Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде қол жетімді.
Қосылған құрылғыларды немесе қосылуға болатын құрылғыларды олардың кез келген біреуіне қосылу мақсатында қарау үшін Құрылғыны таңдау түймесін басыңыз.
Теледидардың қашықтан басқару құралын пайдаланып, кейбір Bluetooth құрылғыларының дыбыс деңгейін реттеуге болады.
Егер құрылғы қосылмаса, қосылатын құрылғының қуатын тексеріңіз және дыбыстық құрылғының дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
Bluetooth құрылғысының түріне байланысты құрылғы дұрыс қосылмауы немесе синхрондалмаған бейне және дыбыс сияқты келеңсіз әрекет орын алуы мүмкін.
Келесі жағдайларда дыбыс кідіруі немесе дыбыс сапасы төмендеуі мүмкін:
  • Bluetooth құрылғысы теледидардан тым алыс;
  • Bluetooth құрылғысы мен теледидар арасында кедергілер бар немесе
  • қысқа толқынды пеш немесе сымсыз жергілікті желі сияқты радио жабдығымен бірге пайдаланылған.
Егер Сурет режимі Ойын режиміне, ал Дыбыс шығысы Bluetooth режиміне орнатылса, Сурет режимі Стандартты режиміне ауысады.
Дыбыс шығысы (Желі шығысы) / Сымды құлаққаптар функциясын қолдану
БАСТЫБАСТЫ Орнату белгішесіОрнату белгішесі Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Дыбыс Дыбыс шығысы Дыбыс шығысы (Желі шығысы) / Сымды құлаққаптар
Қосылған құрылғыға сәйкес дыбыс шығаруды оңтайландыру үшін Сымды құлаққаптар не Дыбыс шығысы (Желі шығысы) опциясын таңдаңыз.
Кейбір модельдерде тек Сымды құлаққаптар функциясын ғана қолданылуы мүмкін.
Теледидар қосылып тұрғанда сымды құлақаспапты қоссаңыз, ол сымды құлақаспапты автоматты түрде анықтайды және олардан дыбыс шығарады.
Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде немесе кейбір елдерде қол жетімді.
Теледидардың ішкі динамиктері мен сыртқы аудио құрылғы арқылы бір уақытта дыбыс шығару
Дыбысты бірнеше құрылғыдан бір уақытта шығаруға болады.
Ішкі ТД үндеткіш + Сымды құлаққаптар функциясын қолдану
БАСТЫБАСТЫ Орнату белгішесіОрнату белгішесі Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Дыбыс Дыбыс шығысы Ішкі ТД үндеткіш + Сымды құлаққаптар
Дыбыс теледидардың ішкі динамиктері мен Сымды құлаққаптар арқылы бір уақытта шығады.
Теледидар қосылып тұрғанда сымды құлақаспапты қоссаңыз, ол сымды құлақаспапты автоматты түрде анықтайды және олардан дыбыс шығарады.
Бұл мүмкіндік тек кейбір үлгілерде немесе кейбір елдерде қол жетімді.
Ішкі ТД үндеткіш + Оптикалық функциясын қолдану
БАСТЫБАСТЫ Орнату белгішесіОрнату белгішесі Барлық параметрлер белгішесіБарлық параметрлер белгішесі Дыбыс Дыбыс шығысы Ішкі ТД үндеткіш + Оптикалық
Дыбыс теледидардың ішкі динамиктері және сандық оптикалық дыбыс шығару портына қосылған аудио құрылғы арқылы бір уақытта шығады.