Теледидардан компьютер экранын көру үшін
Сымсыз қосу
  1. Қашықтан басқару құралындағы БАСТЫБАСТЫ түймесін басыңыз.
  2. Screen Share қолданбасын іске қосыңыз.
  3. Компьютерде Miracast мүмкіндігін іске қосыңыз. Теледидар қолжетімді құрылғылардың тізімінен көрсетіледі.
  4. Теледидарды таңдап, байланысты іздеңіз.
  5. Байланыс орнатылған соң, теледидар қосылған құрылғының экранын көрсетеді.
Байланыс сенімді болуы үшін теледидарға жалғанған құрылғыны әрқашан ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасына жаңартуға кеңес беріледі.
Бұл функцияны жақын ара қашықтықта пайдалану ұсынылады.
Оны сымсыз роутерсіз қосуға болғанымен, көрсету сапасына айналадағы сымсыз орта әсер ететіндіктен құрылғыны 5 ГГц роутерға жалғау ұсынылады.
Пайдаланушының ортасына байланысты жауап жылдамдығы әр түрлі болуы мүмкін.
Ол Windows нұсқасынан басқаша. Қосылатын құрылғы туралы толығырақ ақпаратты оның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Screen Share қолданбасын қараңыз.
Егер байланыс қайта сәтсіз болса, қосу керек теледидар және құрылғыны өшіріп қосып, әрекетті қайталаңыз.
Сыммен қосу
Компьютерді теледидарға HDMI кабелімен жалғаңыз.