Желілік қосылым ақаулықтары
Егер өнімді пайдаланып жатқан кезде мәселелердің бірі орын алса, мыналарды тексеріңіз: мәселе өнімде болмауы мүмкін.
Желілік қосылым күйін төмендегі жолмен тексере аласыз.
-
Желі
Сымды қосылым (Ethernet)
-
Желі
Wi-Fi байланысы
Қосымша Wi-Fi параметрлері
-
Теледидар жанында X пайда болғанда -
Теледидарды немесе кіру нүктесін (маршрутизаторды) тексеріңіз.
- Теледидар, кіру нүктесі (маршрутизатор) және кабельді модемнің байланыс күйін тексеріңіз.
- Келесі ретпен өшіріп, қосыңыз:
1. Кабельді модем, кабельді модем қайта қосылғанша күтіңіз.
2. Кіру нүктесі (маршрутизатор), кіру нүктесі (маршрутизатор) қайта қосылғанша күтіңіз.
3. Теледидар.- Сымсыз байланысты пайдаланып отырсаңыз, кіру нүктесінің (маршрутизатордың) SSID (желі аты) мен сымсыз арнасын өзгертіңіз.
- Тұрақты IP мекенжайын пайдалансаңыз, IP мекенжайын тікелей енгізіңіз.
- Интернет қызметінің провайдеріне немесе кір нүктесі (маршрутизатор) компанияларына хабарласыңыз.
-
Қақпа жанында X пайда болғанда - Кіру нүктесін (маршрутизаторды) тексеріңіз немесе Интернет қызметінің провайдерінен көмек алыңыз.
- Кіру нүктесінің (маршрутизатордың), кабельді модемнің қуат сымын ажыратып, 10 секунд күте тұрыңыз. Қуатты қайта қосыңыз.
- Кіру нүктесін (маршрутизаторды), кабельді модемді іске қосыңыз (қалпына келтіріңіз).
- Интернет қызметінің провайдеріне немесе кір нүктесі (маршрутизатор) компанияларына хабарласыңыз.
- Кір нүктесі (маршрутизатор) өндірушісінің веб-сайтынан маршрутизаторда ең соңғы микробағдарлама нұсқасы орнатылғанын тексеріңіз.
-
DNS жанында X пайда болғанда - Кіру нүктесін (маршрутизаторды) тексеріңіз немесе Интернет қызметінің провайдерінен көмек алыңыз.
- Кабельді модемнің немесе кіру нүктесінің (маршрутизатордың) қуат сымын ажыратып, 10 секунд күтіңіз. Қуатты қайта қосыңыз.
- Кіру нүктесін (маршрутизаторды), кабельді модемді іске қосыңыз (қалпына келтіріңіз).
- Теледидардың / кіру нүктесінің (маршрутизатордың) MAC мекенжайы Интернет қызметінің провайдерінде тіркелгенін тексеріңіз. (Желі күйі терезесінің тақтасында көрсетілген MAC мекенжайы Интернет қызметінің провайдерінде тіркелген болуы керек.)