Үсті > АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ > Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын

Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын

Микротолқынды пешті қолдану барысында мынадай белгілер пайда болса, оны тағы бір рет тексеріңіз. Ол ақау болмауы мүмкін.

Мақалалардан тұрады

Пайдалану

Микротолқынды пеш іске қосылмайдыҚуат сымы қосылмаған, есік ашық тұр. Не болмаса, ас әзірлеу уақыты орнатылмады.Қуат сымын розеткаға қосыңыз.Есікті жабыңыз.Ас әзірлеу уақытын орнатыңыз.Үйіңіздегі сақтандырғыш күйіп кеткен немесе автоматты ажыратқыш іске қосылған болуы мүмкін. Немесе құрылғы GFCI (жерге қысқа тұйықталу ажыратқышы, Ground Fault Circuit Interrupter) розеткасына қосылып, розетканың автоматты ажыратқышы іске қосылған.Негізгі электрқалқанды тексеріңіз және сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе автоматты ажыратқышты бастапқы күйіне қайтарыңыз.Сақтандырғыш қуатын арттырмаңыз. Ақаулық тізбектегі артық жүктемеде болса, оны білікті электршіге жөндетіңіз.GFCI құрылғысындағы автоматты ажыратқышты бастапқы күйіне қайтарыңыз. Ақаулық түзетілмесе, электршіге хабарласыңыз.Ұшқын шығадыЫдыс-аяқ микротолқынды пешке арналмаған. Не болмаса, пештің ішіне ештеңе салмай пайдаландыңыз.Микротолқынға жарамды ыдыс-аяқ қолданыңыз. Оның қандай ыдыс екенін білмесеңіз, ыдысты пайдаланбас бұрын, тексеріп көріңіз.Пештің ішіне ештеңе салмай, қолдануға болмайды.Уақытты дұрыс көрсетіп тұрған жоқҚуат сөніп қалған.Уақытты бастапқы күйге қайтарыңыз. Уақытты бастапқы күйге қайтару үшін «Сағатты орнату» бөлімін қараңыз.Азық-түлік әркелкі дайындаладыЫдыс-аяқ микротолқынды пешке арналмаған. Не болмаса, ас әзірлеу параметрлері дұрыс орнатылмаған.Ыдыстың микротолқынды пешке арналғанына көз жеткізіңіз.Әйнек науасынсыз ас әзірлемеңіз.Ас әзірлеу кезінде тамақты аударыңыз немесе араластырыңыз.Ас әзірлегенге дейін, азық-түлікті толықтай ерітіңіз.Ас әзірлеу уақыты мен қуат деңгейін дұрыс пайдаланыңыз.Тамақ артық пісіп кетедіАс әзірлеу параметрлері және әдістері дұрыс емес.Ас әзірлеу уақыты мен қуат деңгейін өзгертіңіз.Тамақ толық піспей қаладыЫдыс-аяқ микротолқынды пешке арналмаған. Не болмаса, ас әзірлеу параметрлері дұрыс орнатылмаған.Ыдыс-аяқтың микротолқынды пешке жарамды екенін тексеріңіз.Ас әзірлегенге дейін, азық-түлікті толықтай ерітіңіз.Ас әзірлеу уақыты мен қуат деңгейін өзгертіңіз.Желдеткіш порттардың жабылып қалмағанына көз жеткізіңіз.Дұрыс ерітпейдіЫдыс-аяқ микротолқынды пешке арналмаған. Не болмаса, ас әзірлеу параметрлері дұрыс орнатылмаған.Ыдыс-аяқтың микротолқынды пешке жарамды екенін тексеріңіз.Еріту уақытын немесе салмағын өзгертіңіз.Еріту циклі барысында тамақты аударып немесе араластырып тұрыңыз.