Үсті > Пайдалану > Пайдалану алдында > Микротолқынды қуат деңгейлері

Микротолқынды қуат деңгейлері

Бұл микротолқынды пеште 5 қуат деңгейі бар, солардың арқасында ас әзірлеу процесін барынша ыңғайлы басқара аласыз. Түрлі тамаққа арналған қуат деңгейлерін кестеден таба аласыз.

Қуат деңгейі

Пайдалану

Жоғары

1000 Вт

(100%)

  • Су қайнату.

  • Ростбифті қуыру.

  • Кәмпит жасау.

  • Тауық еттерін, балық, көкөніс және еттің жұқа тілімдерін дайындау.

800 Вт

(80 %)

  • Күрішті, макаронды және көкөністерді қайта жылыту.

  • Дайындалған тамақтарды жылдам қайта жылыту.

  • Сэндвичті қайта жылыту.

600 Вт

(60%)

  • Жұмыртқаны, сүтті және ірімшікті тамақтарды дайындау.

  • Тоқаштар және нан пісіру.

  • Тана етін дайындау.

  • Бүтін балықты дайындау.

  • Пудингілер және тәтті кремдер дайындау.

  • Шоколадты еріту.

400 Вт

(40%)

  • Етті, тауық етін және теңіз тағамдарын еріту.

  • Қатты ет тілімдерін дайындау.

200 Вт

(20%)

  • Жемісті жылыту.

  • Майды және кремі бар ірімшікті жұмсарту.

  • Запеканка және негізгі тамақтарды жылы ұстау.