Үсті > МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ > ЕСКЕРТУ > Қызмет көрсету

Қызмет көрсету

Тазалау

Пештің іші-сыртын таза ұстаңыз. Ішкі есіктің панелінде және алдыңғы жақтауында тамақ немесе май қалдықтары жиналып қалмауын ерекше қадағалаңыз. Пешті апта сайын, қажет болса, одан да жиі тазалап тұрыңыз.

Ішін тазалау

Есіктің бетін дымқыл шүберекпен тазалаңыз және есік пен жақтаудың арасындағы ойықтарды сүртіп алыңыз. Май шашырандыларын сабынды шүберекпен сүртіп алып, шайып тастаңыз да, құрғатыңыз.

Сыртын тазалау

Пештің сыртын сабынды сумен тазалаңыз. Таза сумен шайып тастап, жұмсақ шүберекпен немесе қағаз сүлгімен сүртіңіз.

Басқару панелін тазалау

Абайсызда іске қосылып кетпеуі үшін, пештің есігін ашып қойыңыз. Дымқыл шүберекпен, содан кейін дереу құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Тазалап болғаннан кейін ТОҚТА немесе ТОҚТА/ТАЗАРТУ түймесін басыңыз.

Керек-жарақтарды тазалау

Әйнек науаны және айналмалы сақинаны жұмсақ әрі көпіршікті сумен жуыңыз. Қатты кірлеп кеткен жерлеріне сұйық жуғыш құрал және губка пайдаланыңыз. Пайдаланбас бұрын, толығымен кептіріңіз.