Қолданбаларды орнату
Теледидарға әр түрлі қолданбаларды орнату үшін LG тіркелгісін пайдалануға болады.

- Қашықтан басқару құралындағы
түймесін басып, экранның төменгі оң жақ бұрышындағы
белгішесін таңдаңыз. - LG Content Store қолданбасын іске қосады.
- Санаттар тізімінен санат, мысалы, Бағдарламалар және ойындар не Премиум санатын таңдаңыз. Таңдалған санаттағы қолжетімді қолданбалардың тізімі көрсетіледі.
- Тізімнен сатып алу үшін қолданбаны таңдаңыз.
- Қолданба мәліметтерін оқып шығып, Орнату опциясын басыңыз.
Ақылы қолданбалар үшін баға экранда көрсетіледі. Сатып алуға төлем мен сатып алуды растау қажет етіледі. - Орнату аяқталған соң, қолданбаны бірден іске қосуға болады. Теледидарға орнатылған барлық қолданбаны көруге болады. Қашықтан басқару құралындағы
түймесін басып, экранның төменгі оң жақ бұрышындағы
белгішесін таңдаңыз.
Қолжетімді санаттар елге немесе қызмет көрсету статусына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Қолданбаларды/мазмұнды компьютерден не теледидардан сатып алуға болады, бірақ оларды теледидарға ғана орнатып ойнатуға болады.
Егер теледидардағы сақтау орны жеткіліксіз болса, қолданбаларды сыртқы жад құрылғысына қосып орнатуға болады.
Басқа теледидарлардың қолданбаларын қамтитын USB құрылғылары пайдаланылмауы мүмкін.
VOD мазмұнын көру
[Бұл мүмкіндік кейбір елдерде ғана бар.]
Драмаларды, фильмдерді және т.б. нақты уақыт ағынымен бірден көруге болады.
Драмаларды, фильмдерді және т.б. нақты уақыт ағынымен бірден көруге болады.
- Қашықтан басқару құралындағы
түймесін басып, экранның төменгі оң жақ бұрышындағы
белгішесін таңдаңыз. - LG Content Store қолданбасын іске қосады.
- Санаттардың тізімінен ТД ШОУЛАРЫ не Фильмдер сияқты санат таңдаңыз. Таңдалған санаттағы қолжетімді мазмұнның тізімі көрсетіледі.
- Тізімнен элемент таңдаңыз.
- Мазмұн мәліметтерін оқып шығып, Қазір көру түймесін басыңыз.
- Ойнату опциясын таңдаңыз. Мазмұнды таңдалған ойнату опциясымен көрсету үшін қолданба қажет болуы мүмкін. Егер орнатылмаса, мазмұнды көрсететін қолданбаны орнатыңыз.
- Ақылы қолданбалар үшін төлем және сатып алуды растау қажет.
- Мазмұн таңдалған опциямен көрсетіледі.
Қолжетімді санаттар елге немесе қызмет көрсету статусына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
[Бұл мүмкіндік тек 3D үлгілерінде қолданылады.] Кейбір 3D мазмұнын арнайы сатып алынған теледидардан ғана көруге болады.
Ересектерге арналған мазмұнды сатып алуға және көрсетуге ересектігі расталуы қажет.