SIMPLINK мүмкіндігін пайдалану
HDMI арқылы теледидардың қашықтан басқару құралына қосылған әр түрлі мультимедиалық құрылғыларды қолайлы басқарып пайдалануға болады.
  1. HDMI кабелімен SIMPLINK HDMI шығыс портын теледидардың HDMI IN портына жалғаңыз.
  2. Қашықтан басқару құралындағы HOME түймесін басып, үстіңгі оң жақтағы Setting icon опциясын таңдаңыз.
  3. Advanced Settings iconЖалпы опциясына өтіп, SIMPLINK функциясын таңдаңыз.
  4. SIMPLINK функциясын Қосулы күйіне орнатыңыз.
  5. Авто қосуды синхрондау параметрлерін Қосулы немесе Өшірулі күйіне қойыңыз. (Егер «Қуатты автоматты түрде синхрондау» параметріне Қосулы мәні қойылса, SIMPLINK арқылы байланысқан құрылғыны қосқанда, теледидар қосылады. Теледидарды өшіргенде, құрылғы да өшеді.)
  6. Жалғанған құрылғыны қосыңыз. Теледидар құрылғыға автоматты түрде қосылғанда, кіріс ауысады.
    Құрылғы теледидарға автоматты түрде қосылмаса, «Кіріс» түймесін басыңыз.
Бұл мүмкіндік SIMPLINK logo логотипімен жұмыс істейді. Сыртқы құрылғыда SIMPLINK логотипін тексеріңіз.
Құрылғы талап етілетін техникалық сипаттамаларға сәйкес келмесе, ақау туындауы мүмкін.
SIMPLINK мүмкіндігін пайдалану үшін CEC (тұтынушының тұрмыстық техникасын басқару) функциясы бар жоғары жылдамдықты HDMI® кабелі керек. Жоғары жылдамдықты HDMI® кабелінің 13-істігі құрылғылар арасында деректер тасымалдау үшін қолданылады.
Егер дыбысты HDMI кабелімен жалғанған сыртқы аудио жабдықтан шығарғыңыз келсе, SIMPLINK параметріне Қосулы мәнін қойыңыз.
Қолдау көрсетілетін SIMPLINK функциялары
Жылдам ойнату
Мультимедиа құрылғысын іске қосқан кезде, ешнәрсені бақылау қажеттігінсіз теледидарда құрылғының мазмұнын бірден қарауға болады.
Теледидардың қашықтан басқару құралы арқылы құрылғыларды басқару
Мазмұнды қарау үшін пайдаланушыға теледидардың қашықтан басқару құралымен мультимедиа құрылғыларын басқаруға мүмкіндік береді.
Magic Remote қашықтан басқаруның меңзерінің жұмысын шектеуге болады.
Қуат көзін өшіру
«Авто қосуды синхрондау» SIMPLINK параметрлерінде «Қосу» күйіне орнатылса, теледидарды өшіру барлық SIMPLINK байланысқан құрылғыларды өшіреді.
Қуат көзін қосу
«Авто қосуды синхрондау» SIMPLINK параметрлерінде «Қосу» күйіне орнатылса, SIMPLINK байланысқан құрылғыны қосу теледидарды да қосады.