Сөзді мәтінге түрлендіру
Мәтін жолағына сөздер енгізу үшін сөзді мәтінге түрлендіру функциясын пайдалануға болады.
Теледидардан экран пернетақтасы көрсетілген кезде Mike түймесін бассаңыз, мәтінді даусыңызбен енгізуге болады.
  1. Виртуалды пернетақтаны ашу үшін, Magic Remote қашықтан басқаруның меңзерін мәтін жолына алып барыңыз.

    Open the virtual keyboard

  2. Magic Remote қашықтан басқарундағы не виртуалды пернетақтадағы Mike түймесін басыңыз.
  3. Сөзді мәтінге түрлендіру ақпараттық терезесі төмендегідей көрінгенде, команданы анық әрі баяу айтыңыз.

    Speech to Text information display

    Speak to Magic Remote

  4. Сөзді мәтінге түрлендіру аяқталғанда, сөзді мәтінге түрлендіру нәтижелерінің тізімі төмендегідей көрсетіледі. Қажетті нәтижелерді алмасаңыз, қайталау үшін ҚАЙТАЛАУ түймесін басыңыз. Нәтиже таңдаңыз, сонда ол мәтін жолынан көрінеді.

    A List of Speech to Text results

Сөзді мәтінге түрлендіру кезіндегі ескертулер
Сөзді мәтінге түрлендіру функциясын пайдаланбастан бұрын желі байланысын тексеріңіз.
Дауысты тану тілін HOMESetting iconAdvanced Settings iconЖалпыТілі (Language)Дауысты тану тілі мәзірінен өзгертуге болады. Не болмаса, сөзді мәтінге түрлендіру ақпараттық терезесі пайда болғанда, қашықтан басқару құралындағы Red түймесін басыңыз. Дауыс тану тілін уақытша өзгертуге болады.
Дауыс тану шарттарымен келіскенде ғана осы функцияны пайдалануға болады.
Сөзді мәтінге түрлендіру көрсеткіші пайдаланушының сипаттамаларына (даусы, айтуы, интонациясы мен жылдамдығы) мен ортаға (шуыл мен теледидар дыбысының деңгейі) байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Сөзді мәтінге түрлендіру функциясының дәлдігін жақсарту үшін Magic Remote қашықтан басқару микрофонына шамамен 10 см аралықта анық әрі қатты айту керек.
Дауысты тану мүмкіндігі құпия сөзді енгізу жолағы мен Веб-шолығыш (жалпы іздеуді қоспағанда) үшін мекенжай жолағында қолданылмайды.