USB сымды/сымсыз тінтуірін пайдалану
Тінтуірді USB портына қосыңыз. Теледидар экранында меңзерді жылжыту және қажетті мәзірді таңдау үшін тінтуірді пайдаланыңыз.
Тінтуір Сол жақ түйме
Magic Remote қашықтан басқарундағы OK түймесі
Тінтуір Дөңгелек түймесі
Magic Remote қашықтан басқарундағы Дөңгелек түймесі
Тінтуірдегі оң жақ және арнайы түймелер істемейді.
Сымсыз USB тінтуірін/пернетақтасын пайдаланғанда, арақашықтық және сымсыз байланыстың күйі жұмысқа әсер етуі мүмкін.
USB сымды/сымсыз пернетақтасын пайдалану
Пернетақтаны USB портына қосыңыз. Қосылған пернетақта құрылғысымен мәтінді енгізуге болады.
Кейбір экрандарға мәтін енгізу мүмкін емес.
LG теледидарларымен үйлесімділігі тексерілген өнімді пайдалану ұсынылады.
LOGITECH K360, LOGITECH K400, LOGITECH K750, LG Electronics MKS-1200
Енгізу тілін пернетақтадағы тілді ауыстыру пернесін (немесе оң жақ Alt пернесін) басып ауыстыруға болады.
Қолданыс ауқымы мен сымсыз орта сымсыз USB пернетақтасын пайдалануға әсер етуі мүмкін.
Мәтіндік өріске мәтінді енгізу үшін ТД экранындағы экрандық пернетақтаны немесе USB пернетақтасын пайдаланыңыз.