Қосымша басқару параметрлерін орнату


СуретСурет режимінің параметрлеріҚосымша басқару / Сарапшы басқару | Динамикалық контраст |
| Суреттің жарықтығына байланысты оңтайлы нәтижелер алу үшін экранның ашық және қара жақтарының арасындағы айырмашылықты түзетеді. |
| Динамикалық түс |
| Кескінді түрлі түсті және шынайы ете түсу үшін суреттің түсі мен қанықтығын реттейді. |
| Түс кеңейтімі механизмі |
| Көрермендердің көру ерекшеліктеріне ең лайықты болу үшін кескін түстерін компенсациялайды. |
| Қажетті түс |
| Терінің, шөптің және аспанның түстерін қалауыңызға қарай реттейді. |
| Супер ажыратымдылық |
| Бұлыңғыр және бұрмаланған кескіндерді анық ету үшін ажыратымдылықты реттейді. |
| Гамма |
| Суреттің орташа ашықтығын дұрыстайды. |
| Түс шекарасы |
| Көрсетілетін түстер ауқымын таңдайды. |
| Жиектерін бөлектеу |
| Анығырақ, сонда да табиғи бейне жиектерін көрсетеді. |
| Түс сүзгіші |
| Түс қанықтығын және реңкін дәл реттеу үшін RGB түстерінде белгілі бір түс спектрін сүзеді. |
| Сарапшы үлгісі |
| Мамандық реттеу үшін пайдаланылатын үлгілер. |
| Ақ түс балансы |
| Экранның түстерін жылы немесе суық етіп реттейді. |
| Түсті басқару жүйесі |
| Бұл функцияны сарапшылар басқа түс аумақтарына әсер етпестен алты түстен (Қызыл / Жасыл / Көк / Көгілдір / Қызыл күрен / Сары) тұратын сынақ үлгіні пайдаланып түстерді реттегенде пайдаланады. Қалыпты кескіндер үшін реттеулер байқалатын түс өзгерулеріне әкелмеуі мүмкін. |
Кіріс сигналға немесе таңдалған сурет режиміне байланысты, қол жетімді опциялар әр түрлі болуы мүмкін.
Өзгермелі элементтер үлгіге байланысты өзгеше болады.