Желі параметрі
Желі параметрлерін конфигурацияласаңыз, онлайн контенттер және қолданбалар секілді түрлі қызметтерді пайадалана аласыз.
Сымды желіні орнату
To connect wired network
  1. LAN кабелін пайдалана отырып теледидардың LAN порты мен маршрутизаторды жалғаңыз.
    Маршрутизатор алдын ала Интернетке жалғануы тиіс.
  2. Қашықтан басқару құралындағы HOME түймесін басып, жоғарғы оң жағындағы Setting icon параметрін таңдаңыз.
  3. Advanced Settings iconЖеліСымды қосылым (Ethernet) параметрін таңдаңыз.
    Бұл сымды желі байланысын қосады.
    Параметрлерді конфигурациялау туралы мәліметтер алу үшін, Сымды қосылым (Ethernet) бөлімін қараңыз.
Сымсыз желіні орнату
To connect wireless network
  1. Интернетке жалғанған маршрутизаторды қосыңыз.
  2. Қашықтан басқару құралындағы HOME түймесін басып, жоғарғы оң жағындағы Setting icon параметрін таңдаңыз.
  3. Advanced Settings iconЖеліWi-Fi байланысы параметрін таңдаңыз.
    Бұл сымсыз желі байланысын қосады.
    Параметрлерді конфигурациялау туралы мәліметтер алу үшін, Wi-Fi байланысы бөлімін қараңыз.
Кейбір модельдерде бұл функцияны пайдалану үшін Wi-Fi/Bluetooth кілтін (қосалқы құрал ретінде беріледі немесе бөлек сатылады) қосуыңыз керек.
Желі параметріне қатысты ескертулер
Стандартты жергілікті желі кабелін (Cat5 немесе одан жоғары RJ45 қосқышымен, 10 Base-T немесе 100 Base TX Жергілікті желі порты) пайдаланыңыз.
Модемді қалпына келтіру желі байланысының кейбір қателерін түзетуі мүмкін. Проблеманы шешу үшін, қуатты ӨШІРІҢІЗ, оны ажыратып, қайта қосыңыз, одан кейін қуатты қосыңыз.
LG Electronics компаниясы ешқандай желі байланысының проблемаларына немесе қателеріне, дұрыс жұмыс істемеуге және желі байланысынан туындаған қателерге жауапты емес.
Интернет қызметі провайдерінің желі параметрлеріне байланысты желі байланысы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
DSL қызметі DSL модемін пайдалануы тиіс; ал кабель қызметі қабельді модемді пайдалануы тиіс. Желі байланыстарының тек шектеулі саны қолжетімді болатындықтан, теледидар желісінің параметрі Интернет қызметінің провайдерімен келісім-шартқа байланысты пайдаланылмауы мүмкін. (Егер келісім-шартта бір желіге бірнеше құрылғы қосылуға рұқсат етілмесе, тек қосылым қойған компьютерді пайдалануға болады.)
Сымсыз желі 2,4 ГГц жиілікті пайдаланатын басқа құрылғылардан кедергілерге ұшырауы мүмкін (сымсыз телефон, Bluetooth құрылғысы немесе қысқа толқынды пеш). Сонымен қатар, кедергі 5 ГГц жиілікті пайдаланған кезде пайда болуы мүмкін, бірақ оның пайда болу ықтималдығы аз.
Сымсыз байланыс ортасы сымсыз желі қызметінің жұмысын баяулатуы мүмкін.
Жергілікті үй желілерін өшірмеуден кейбір құрылғыларда трафик шығыны артуы мүмкін.
Кіру нүктесінің құрылғысы сымсыз байланыстарды қолдауы керек және сымсыз байланыс мүмкіндігі AP (кіру нүктесі) байланысы бар құрылғыға қосылуы керек. Кіру нүктесіндегі сымсыз байланыстардың қолжетімділігі туралы қызмет көрсету провайдеріне хабарласыңыз.
Кіру нүктесінің SSID және қауіпсіздік параметрлерін тексеріңіз. Кіру нүктесінің SSID және қауіпсіздік параметрлерін тиісті құжаттамадан қараңыз.
Желі құрылғыларының (сымды/сымсыз желі таратқыш, жад) сымсыз параметрлері теледидардың баяу жұмыс істеуіне немесе дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін. Құрылғыларды тиісті нұсқаулық пен желіге сай дұрыстап орнатыңыз.
Байланыс әдісі кіру нүктесі өндірушісіне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Бұл функцияға қатысты мәселені шешу үшін, Пайдаланушы нұсқаулығы ішіндегі «Ақаулықты жою» бөлімін қараңыз.