LG webOS TV теледидарының Басты функциясын пайдалану
Басты экранына өту үшін, қашықтан басқару құралындағы HOME түймесін басыңыз.
Жиі пайдаланылған қолданбаларды бір терезеден көріп, қажетті функцияны орындай аласыз.

  1. Setting icon Параметрлер: Сурет/Дыбыс/Арасалмақ еселігі/Автосөндіру таймері/Ата-аналық құлыптау/Қосымша параметрлер реттеуге болады.
    Толығырақ реттеу туралы ақпаратты алу үшін Қосымша параметрлер опциясын таңдаңыз.
  2. Енгізулер: басқа кірістерге ауыстырып немесе қатысты параметрлерді конфигурациялай аласыз.
  3. Соңғы тізімді көрсетеді.
  4. Ең соңғы пайдаланылған қолданбаны іске қосуға немесе тоқтатуға болады.
  5. Теледидарға орнатылған қолданбалардың барлығын іске қосуға, жылжытуға немесе жоюға болады.
Соңғы тізімді пайдалану
Соңғы пайдаланылған теледидар қолданбаларын іске қосуға немесе тоқтатуға болады.
Экранның төменгі сол жағындағы Recent button түймесін басыңыз.
Recent
Қолданбаны басқару
Теледидарға орнатылған қолданбалардың толық тізімін көріп, оларды пайдалана аласыз.
Сонымен қатар, қолданбаның орнын өзгертіп немесе оны өшіре аласыз.
My Apps
  1. Экранның төменгі оң жағындағы My App button түймесін басыңыз.
  2. Өңделетін қолданбаны таңдап, Magic Remote қашықтан басқару құралындағы Дөңгелек (OK) түймесін басып тұрыңыз.
    Бұл қолданбаны өңдеу режимін қосады.
  3. Бір қолданбаны қажетті жерге жылжытып, Дөңгелек (OK) түймесін бассаңыз, қолданба жылжытылып, қолданбаны өзгерту режимі аяқталады.
    Егер өзгерту режимінде қолданбаның жоғарғы жағындағы Close белгішесін таңдасаңыз, қолданба жойылады.
  4. Өңдеу аяқталған кезде қолданбаны өңдеу режимінен шығу үшін, Дөңгелек (OK) түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, қолданбаларды қашықтан басқару құралындағы Up / Down / Left / Right түймелерімен өңдей аласыз. Қолданбаны жылжыту не өшіру үшін, өңделетін қолданбада Up түймесін басыңыз.
Өңделмейтін қолданбалар да бар.
Ағымдағы функцияны тоқтату
  1. Қашықтан басқару құралындағы HOME түймесін басыңыз.
  2. Жабу белгішесін көрсету үшін меңзерді экранның жоғарғы сол жақ бөлігіндегі қолданба атына жылжытыңыз.
  3. Ағымдағы функциядан шығу үшін, қолданба атауының жанында көрсетілген Жабу белгішесін басыңыз.
Close app