SmartShare фильм көрсету мәселелері
Егер өнімді пайдаланып жатқан кезде мәселелердің бірі орын алса, мыналарды тексеріңіз: мәселе өнімде болмауы мүмкін.
Файлды Бейнелер ішінен таба алмадым.
USB сақтау құрылғысындағы файлдарды компьютердің оқитынын тексеріңіз.
Файл кеңейтіміне қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
«This file is not supported» (Бұл файлға қолдау көрсетілмейді) деген хабар шығады не болмаса дыбыс бірқалыпты шығады, бірақ бейнесі шықпайды.
Файлдың компьютердің бейне ойнатқышында қиындықсыз ойнатылатынын тексеріңіз. (Файлдың зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріңіз)
Ажыратымдылыққа қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
Бейне/дыбыс кодегінің қолданылатынын тексеріңіз.
Жақтауға қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
«This audio is not supported» (Бұл дыбысқа қолдау көрсетілмейді) деген хабар шығады не болмаса бейне бірқалыпты шығады, бірақ дыбыс шықпайды.
Файлдың компьютердің бейне ойнатқышында қиындықсыз ойнатылатынын тексеріңіз. (Файлдың зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріңіз)
Аудио кодегінің қолданылатынын тексеріңіз.
Бит берілу жылдамдығын қолдау мүмкіндігін тексеріңіз.
Іріктеу жиілігін қолдау мүмкіндігін тексеріңіз.
Субтитрлер көрінбейді.
Файлдың компьютердің бейне ойнатқышында қиындықсыз ойнатылатынын тексеріңіз. (Файлдың зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріңіз)
Бейне мен субтитр файлдарының атауы бірдей екенін тексеріңіз.
Сондай-ақ бейне файл мен субтитр файлының бір папкада екенін тексеріңіз.
Субтитр файлының пішіміне қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
Тілге қолдау көрсетілетінін тексеріңіз.
(Файлды Notepad бағдарламасында ашып, субтитр тілін тексеруге болады.)
Өнімнің мәселелеріне арналған тұтынушылар қызметі туралы ақпарат теледидардағы HOME button on the remote controlSetting buttonAdvanced Settings buttonЖалпыОсы теледидар туралы бетінде болады.