Теледидар экранында бейнені үлкейту
Бейнені үлкейтіп, үлкейтілген дисплейді пайдалануға болады.
Теледидар қарау кезінде Дөңгелек (OK) түймесін басып тұрыңыз.

Live Zoom

  1. Үлкейтілген экран негізгі экранда көрсетіледі. Экранды үлкейту немесе кішірейту үшін, сиқырлы қашықтан басқару құралындағы Дөңгелек (OK) түймесін айналдырыңыз.
  2. Қосымша экранда үлкейту алдындағы бастапқы экранды көруге болады. Қосымша экранды жасыру үшін қашықтан басқару құралындағы Back түймесін басыңыз.
    Егер қосымша экран жасырын тұрғанда Back түймесі басылса, бастапқы экранды қайта көруге болады.
  3. Негізгі экранда үлкейтілетін аймақты көрсетеді.
  4. Жоғарғы жолақты солға немесе оңға жылжыту арқылы негізгі экранды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады.
Осы функцияны аяқтап, негізгі экранға оралу үшін қашықтан басқару құралында EXIT түймесін басыңыз.
Егер арна өзгертілсе немесе үлкейтілген экран көрсетілген басқа қолданба іске қосылса, бұл функция тоқтайды.
Бұл функцияға тек сандық таратылымдар немесе HDMI кірісі үшін қолдау көрсетіледі.
Бұл функцияға тек HD деңгейлі немесе жоғарғы сапалы бейне үшін қолдау көрсетіледі.
Үлкейтілген экран орнын өзгерту
1-әдіс: Magic Remote қашықтан басқару құралы меңзерін негізгі экрандағы қажетті орынға жылжытыңыз. Одан кейін Дөңгелек (OK) түймесін басыңыз.
Таңдалған орын экран ортасына өтеді.

Click the location you want on Main Screen


2-әдіс: қосымша экрандағы үлкейтілген аймақты Magic Remote қашықтан басқару құралы меңзерімен апарып, қажетті орынға жылжытыңыз.

Drag Sub Screen


3-әдіс: Magic Remote қашықтан басқару құралымен қосымша экранда үлкейтілуі керек аймақты таңдаңыз.

Click the location you want on Sub Screen

Сондай-ақ, экранды қашықтан басқару құралындағы Up / Down / Left / Right түймелерімен жылжыта аласыз.