LG Photo Editor қолданбасын пайдалану
Камерамен түсірілген экран суреттерін, фотосуреттерді немесе қосылған USB құрылғысына сақталған суреттерді өңдеуге болады.
  1. Қашықтан басқару құралындағы HOME түймесін басып, экранның төменгі оң жақ бұрышындағы My App button белгішесін таңдаңыз.
  2. LG Photo Editor қолданбасын іске қосады.

LG Photo Editor

  1. Image saving button : суреттерді сақтауға болады.
    Eraser button : сәндеуді өшіруге болады.
    Image decoration button : фотосуретті әр түрлі құралдар мен жапсырмалармен сәндеуге болады.
    Image cutting button : тек қажетті бөлікті қиып алу арқылы алуан түрлі пішіндер жасауға болады.
    Area Selection button : үлкейту, кішірейту немесе бұру үшін қажетті аумақты таңдауға болады.
    Image imports button : қажетті суреттерді импорттауға болады.
  2. Menu hiding button : мәзірлерді жасыруға болады.
Оны Magic Remote қашықтан басқарумен ғана пайдалануға болады.
Бұл функцияны қашықтан басқару құралындағы Up / Down / Left / Right түймелерімен басқару мүмкін емес.
Егер сызу құралдарымен көп жұмыс істесеңіз, теледидар баяулап қалуы мүмкін.
Безендіру нысандары қабаттасқанда, олар жоғарғы қабаттан жапсырмалар мен фотосуреттер ретінде орналастырылады.
2 МБ үлкен суреттерді импорттау мүмкін емес.
Бұл өнімдегі суретке түсіру мүмкіндігі жеке коммерциялық емес мақсатқа беріледі. Осындай суретке түсіру мүмкіндігімен алынған, авторлық құқықпен қорғалған суреттерді коммерциялық мақсатқа пайдалану авторлық құқық шарттарын бұзып, қылмыстық кінә тағылуы мүмкін. LG авторлық құқықпен қорғалған мұндай суреттерді заңсыз тарату және коммерциялық мақсаттарға пайдалану жауапкершілігінен нақты бас тартады.