Келесі арнайы опцияларды пайдаланып бағдарламаларды теңшеуге болады:
Бумен жуу (}) опциясы оңтайлы жуу нәтижесіне қол жеткізуге көмектеседі. Қыртыстарды азайту және киімдерді жұмсарту үшін бумен жұмсартқыш (\) опциясы айналдыру циклінен кейін бу шашады.
Қажетті опция таңдалғанша, Паровой (Бу) түймесін қайталап басыңыз.
Бір рет: Бумен жуу
Екі рет: Бумен жұмсартқыш
Үш рет: Бумен жуу және Бумен жұмсартқыш
Түсі оңай өзгеретін киімдер мен жүн, жібек сияқты нәзік киімдер үшін бұл опцияны пайдаланбаңыз.
Питание (Қуат) түймесін басыңыз.
Кір жуу бағдарламасын таңдаңыз.
Қажет болса, жуу бағдарламасын (Температура (Темп.) немесе Отжим (Айналдыру)) өзгертіңіз.
Паровой (Бу) түймесін басыңыз.
Пуск/Пауза (Бастау/Кідірту) түймесін басыңыз.