Басқару панелін құлыптау үшін және пешті тазалап жатқанда абайсызда қосып алмау үшін немесе балалардың пешті өз беттерінше пайдалануына жол бермеу үшін осы қауіпсіздік функциясын пайдаланыңыз.
СТОП түймесін басыңыз.
Дисплейде Loc сөзі пайда болғанға дейін (шамамен 3 секунд) СТОП түймесін басып тұрыңыз.
Дисплейде Loc сөзі өшкенге дейін (шамамен 3 секунд) СТОП түймесін басып тұрыңыз.
Орнатылған болса, 1 секундтан кейін дисплейде уақыт пайда болады.
Пеш құлыптаулы тұрғанда қандай да бір перне басылса, дисплейде Loc сөзі пайда болады.
Пешті қалыпты режимде пайдалана беру үшін пештің құлпын ашыңыз.