Бұл функция жылдам пісіру үшін микротолқынды пешті грильмен біріктіруге мүмкіндік береді.
СТОП түймесін басыңыз.
ДисплейдеCo-1 пайда болғанға дейін ƏЗІРЛЕУ РЕЖИМІ түймесін басыңыз.
Көп/Аз арқылы қажетті микротолқынды пеш қуатының деңгейін таңдаңыз, содан кейін СТАРТ түймесін басыңыз.
Микротолқынды пештің қуат деңгейлері
Co-1: 200 Вт, Co-2: 300 Вт, Co-3: 400 Вт (MH633****, MH63M****, MB63R****, MB63W****, MH656****, MH653****, MB65W**** үлгісі)
Co-1: 220 Вт, Co-2: 330 Вт, Co-3: 440 Вт (MH826**** үлгісі)
Көп/Аз түймесін басу арқылы қажетті уақытты таңдап,СТАРТ түймесін басыңыз.
Пісіру кезінде пісіру уақытын Көп/Аз пайдалану арқылы реттеуге болады.
Ас әзірлеп болған соң, тамақты және керек-жарақты алу үшін қолғап киіңіз, себебі пеш және керек-жарақтар қатты ысып кетуі мүмкін.
Тартпаны гриль және гриль аралас пісіру кезінде қолдануға болады. Тіректі шыны табаққа салыңыз.
