Үсті > ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ > Тазалау

Тазалау

Мақалалардан тұрады

Тазалау аралығы

Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында қуатты ажыратып, желдеткіштің тоқтағанын күтіңіз.Құрылғы ұзақ уақыт қолданылмайтын болса, оны жақсы күйде сақтау үшін кептіріңіз. Өнімділік оңтайлы болуы үшін және ықтимал ақаудың алдын алу үшін құрылғыны жиі тазалап тұрыңыз.Құрылғыны Желдету режимінде 3-4 сағат кептіріп, қуатты өшіріңіз. Құрылғы құрамдастарында ылғал қалып қойса, іштей зақымдалуы мүмкін.Құрылғыны қайта пайдаланбай тұрып, оның ішкі құрамдастарын Желдету режимінде 3-4 сағат кептіріңіз. Бұл әрекет ылғал әсерінен туындайтын жағымсыз иісті азайтуға көмектеседі.Ауа сүзгісіФункция үлгі түріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.ТүріСипаттамаАралықІшкі блокІшкі блок бетін жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.ЖиіКонденсатты ағызу түпқоймасын маманға тазалатыңыз.Жылына бір ретКонденсатты ағызу түтігін маманға тазалатыңыз.4 ай сайынСымсыз қашықтан басқару пультінің батареяларын ауыстырыңыз.Жылына бір ретСыртқы құрылғыЖылу алмастырғыштың катушкалары мен панель қалақшаларын маманға тазалатыңыз. (Техник маманмен кеңесіңіз.)Жылына бір ретЖелдеткішті маманға тазалатыңыз.Жылына бір ретКонденсатты ағызу түпқоймасын маманға тазалатыңыз.Жылына бір ретТұтас желдеткіш жинағының берік бекітілгенін маманға тексертіңіз.Жылына бір ретЭлектрлік құрамдастарды сығылған ауамен тазалаңыз.Жылына бір ретТүріСипаттамаАралықАуа сүзгісіШаңсорғышпен тазалаңыз немесе қолмен жуыңыз.2 аптаСүзгілерді температурасы 40℃-тан жоғары сумен тазаламаңыз. Әйтпесе сүзгі майысуы немесе түссізденуі мүмкін.Сүзгілерді ұшпа заттармен тазаламаңыз. Әйтпесе құрылғы беті зақымдалуы мүмкін.

Ауа сүзгісін тазалау

Ауа сүзгісін бүкпеңіз, әйтпесе сынып кетуі мүмкін.Өнімге шаң немесе басқа заттар енбеуі үшін, ауа сүзгісін тиісті түрде құрастырыңыз.Құрылғы қуатын өшіріңіз.Өнімнің алдыңғы жоғарғы жағында орналасқан ауа сүзгісі тұтқаларын табыңыз.ТұтқаларАуа сүзгісіТұтқаларды аздап жоғары тартыңыз да, сүзгіні толықтай көтеріп, алып тастаңыз.Ауа сүзгісін шаңсорғышпен тазалаңыз немесе жұмсақ жуғыш зат қосылған жылы сумен жуыңыз.Сүзгіні көлеңкеде кептіріңіз.Ауа сүзгісіндегі тілшелерді алдыңғы панельдің артқы жағындағы ойықтарға енгізіңіз.Тілшелерді орныққанша төмен итеріңіз.Сүзгі дұрыс құрастырылғанына көз жеткізу үшін сүзгінің алдыңғы жағын ұзына бойы толықтай басып шығыңыз.