Құрылғыны пайдаланған кезде жарылу, өрт, өлім, тоқ соғу, зақымдау немесе адамды күйдіру қауіпінің алдын алу үшін мыналарды қоса негізгі қауіпсіздік шараларын қолданыңыз:
Техникалық қауіпсіздік
Бұл аспапты 8 жастан асқан балалар және дене, сенсорлық немесе ақылой қабілеті шектелген немесе тәжірибесі не білімі жеткіліксіз адамдар, бақылауда болғанда және аспапты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысқанда және оны пайдаланумен байланысты қауіпті түсінгенде қолдана алады.Бұл аспап дене, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектелген немесе тәжірибесі не білімі жеткіліксіз адамдарға (балаларды қоса алғанда), егер олар бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғадан аспапты пайдалануға қатысты нұсқаманы алмаған жағдайда пайдалануға болмайды. Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.Өкілеттігі жоқ адамдар орнатса немесе жөндесе, сізге және басқаларға қауіп төнуі мүмкін.Осы нұсқаулықта берілген ақпарат қауіпсіздік процедураларымен таныс және тиісті құралдары мен сынаққа арналған аспаптары бар білікті қызмет көрсету маманына арналған.Осы нұсқаулықтағы нұсқауларды оқымау және орындамау жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуіне, меншіктің зақымдалуына, жарақат алуға және/немесе өлімге әкелуі мүмкін.Құрылғыда қолданылатын суық агент пен оқшаулау газын арнайы түрде қоқысқа тастау процедуралары қажет. Оларды қоқысқа тастамай тұрып, қызмет көрсету агентінен немесе сондай біліктілігі бар адамнан кеңес алыңыз.Электр сымын ауыстыру қажет болған кезде, ауыстыру жұмысын өкілеттігі бар маман тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланып орындауы керек.Қуат беру сымы зақымдалған болса, қауіп төнбеуі үшін, оны өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті немесе сондай біліктілігі бар адам ауыстыруы керек.Құрылғыны сым жүргізудің ұлттық нормативтеріне сәйкес орнату қажет.Бұл құрылғыны жерге дұрыс тұйықтау қажет.Жерге тұйықтау істікшесін қуат ашасынан кесуге немесе алып тастауға болмайды.Қақпақ бұрандасы металл, оқшауланбаған болмаса және қуат розеткасы жерге ішкі сым арқылы тұйықталмаса, жерге тұйықтау сымын қуат розеткасының қақпақ бұрандасына бекіту әрекеті құрылғыны жерге тұйықтамайды.Кондиционердің жерге дұрыс тұйықталғанына күмәніңіз болса, қуат розеткасы мен тізбекті білікті электршіге тексертіңіз.
Орнату
Кондиционерді орнату немесе орнын ауыстыру кезінде өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.Кондиционерді тазалау мен техникалық қызмет көрсету үшін дилерге, сатушыға, білікті электршіге немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.Блокты өзіңіз (тұтынушы) орнатпаңыз, алып тастамаңыз немесе қайта орнатпаңыз. Өкілеттігі жоқ адамдар орнатса немесе жөндесе, сізге және басқаларға қауіп төнуі мүмкін.Электр жұмыстарын жүргізу үшін дилерге, сатушыға, білікті электршіге немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.Лицензия алмайынша, электр жұмыстарын немесе тұйықтау жұмыстарын жүргізуге талпыныс жасамаңыз. Тұйықтау жұмыстарын жүргізу үшін дилермен кеңесіңіз.Өнімді зақымдалған орнату тұғырына орнатпаңыз.Орнату аймағы жылдар өткен сайын нашарламайтынына көз жеткізіңіз.Жабдықпен бірге пайдалану мақсаты үшін арнайы әзірленген LG жасаған аксессуарларды ғана пайдаланып жатқаныңызға және оларды маман орнатқанына көз жеткізіңіз.Сыртқы блокты ешқашан қозғалмалы негізге немесе құлауы мүмкін жерге орнатпаңыз.Блокты ықтимал жарылғыш атмосфераларда орнатуға болмайды.Кондиционерді жанғыш сұйықтықтар немесе бензин, пропан немесе бояу сұйылтқышы сияқты газдар сақталатын жерге орнатпаңыз.Панельді және басқару қорабының қақпағын қауіпсіз түрде орнатыңыз.Құрылғыны пайдаланбай тұрып, арнайы электрлік розетканы және жерге ағу ажыратқышын орнатыңыз.Кондиционердің номиналды көрсеткіштеріне сәйкес келетін стандартты автоматты ажыратқыш пен балқитын сақтандырғышты пайдаланыңыз.Бұл құрылғымен тармақтағыш розетканы, ұзартқыш қуат кабелін немесе адаптерді пайдаланбаңыз.Ішкі/сыртқы сым байланыстарын мықтап бекіту және кабельді байланыс клеммаларынан күш салмай тарта алатындай дұрыс бағдарлау қажет. Бұрыс немесе бос байланыс ыстық бөліп, өрт шығаруы мүмкін.Жерге тұйықтау сымын газ түтігіне, найзағай қабылдағышқа немесе телефонның жерге тұйықтау кабеліне жалғамаңыз.Герметикалықты тексеру және ауа үрлеу үшін жанбайтын газды (нитроген) пайдаланыңыз. Сығылған ауа немесе жанғыш газ қолданылса, өрт шығуы не жарылыс болуы мүмкін.
Жұмыс
Қуат кабелін өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз. Қуат кабельдеріне сызат түссе немесе олар аршылса, өрт шығуы не ток соғуы мүмкін, кабельдерді ауыстыру қажет.Қуат кабелі кір, бос немесе сынған еместігіне көз жеткізіңіз.Қуат кабелінің үстіне ешқандай зат қоймаңыз.Қуат кабелі орнату кезінде тартып алынбайтынына немесе зақымдалмайтынына көз жеткізіңіз.Кондиционерді ешқашан дымқыл қолмен ұстауға, пайдалануға немесе жөндеуге болмайды.Кондиционер жұмыс істеп тұрған кезде, ауа кірісі не шығысы арқылы қолыңызды немесе басқа заттарды салмаңыз.Ешкімнің, әсіресе, балалардың сыртқы блокқа мінбеуін немесе теппеуін қадағалаңыз.Қосалқы бөлшектер тізімінде берілген бөлшектерді ғана пайдаланыңыз. Жабдықты өзгертуге әрекеттенбеңіз.Блок жұмыс істеп тұрған кезде немесе жұмыс істегеннен кейін, бірден салқындатқыш түтігін, су түтігін немесе басқа ішкі бөлшектерді ұстамаңыз.Кондиционердің жанында жанармай, бензин немесе еріткіш сияқты жанғыш заттарды қалдырмаңыз.Дұрыс желдетілмейтін тар жерде кондиционерді ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.Кондиционер мен жылытқыш сияқты жылыту құрылғысы бір уақытта қолданылған кезде, аймақ тиісті түрде желдетілуі керек.Оттегі жеткіліксіздігінің ықтималдығы бар.Ауа ағынының кірісін немесе шығысын бөгеуге болмайды.Кондиционерден шу, жағымсыз иіс немесе түтін шықса, қуатты өшіріңіз.Кондиционер суға батырылса, уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.Газ (мысалы, фреон, пропан газы немесе сұйытылған көмірсутекті газ) жылыстаса, кондиционерді қайта пайдаланбай тұрып, аймақты жеткілікті түрде желдетіңіз.Дауыл немесе құйын кезінде жұмысын тоқтатып, терезені жабыңыз. Мүмкін болса, құйын басталмай тұрып, өнімді терезеден алып тастаңыз.
Сымсыз қашықтан басқару пульті
Қашықтан басқару пультіне әртүрлі батареяларды немесе ескі және жаңа батареяларды бірге салмаңыз.Батареяларды қайта зарядтамаңыз немесе бөлшектемеңіз.Батареяларды өрт қаупі жоқ жерге қоқысқа тастаңыз.Батареядан сұйықтық ақса, басқару пультін пайдалануды тоқтатыңыз. Батареяның ағып жатқан сұйықтығы киіміңізге немесе теріңізге тиіп кетсе, таза сумен жуып кетіріңіз.Батареяның ағып жатқан сұйықтығы жұтылса, ауыздың ішкі жағын мұқият шайып, дәрігерге қаралу керек.Ішкі блоктың немесе қашықтан басқару пультінің дымқылдануына ешқашан жол бермеңіз.
Техникалық қызмет көрсету
Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында қуатты ажыратып, желдеткіштің тоқтағанын күтіңіз.Желдеткіш жұмыс кезінде өте жоғары жылдамдықпен айналады.Блоктың ішкі бөліктерін тазалау кезінде блоктың қуаты байқаусызда қосылып кетсе, жарақат алу ықтималдығы бар.Қызмет көрсету немесе бөлшектерді ауыстыру кезінде құрылғыны қуат көзінен ажырату керек.
Суық агент
Суық агент пен кондиционерді пайдалану және кондиционерді бөлшектеу бойынша тиісті аймақтың немесе елдің стандарттарын басшылыққа алыңыз.Кондиционер жапсырмасында көрсетілген суық агентті ғана пайдаланыңыз.Жүйеге көрсетілген суық агенттен басқа ауаны немесе газды жібермеңіз.Орнату немесе жөндеу кезінде ағып жатқан суық агентті ұстамаңыз.Орнату кезінде салқындатқыш газ ағып кетсе, оны дереу желдетіңіз.Өнімді орнатқаннан немесе жөндегеннен кейін, суық агенттің ақпайтынынына көз жеткізіңіз.Суық агент аққан жағдайда, дилермен кеңесіңіз. Кондиционерді шағын бөлмеге қондырған кезде, аққан жағдайда да ешқандай суық агенттің көлемі шоғырлану шегінен аспайтындай дұрыс өлшемін жасау маңызды. Егер аққан суық агент шоғырлану шегінен асса, оттегі жетіспеушілігі апаты болуы мүмкін.