Бұл аспапты 8 жастан асқан балалар және дене, сенсорлық немесе ақылой қабілеті шектелген немесе тәжірибесі не білімі жеткіліксіз адамдар, бақылауда болғанда және аспапты пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысқанда және оны пайдаланумен байланысты қауіпті түсінгенде қолдана алады.
Бұл аспап дене, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектелген немесе тәжірибесі не білімі жеткіліксіз адамдарға (балаларды қоса алғанда), егер олар бақылауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғадан аспапты пайдалануға қатысты нұсқаманы алмаған жағдайда пайдалануға болмайды. Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
Өкілеттігі жоқ адамдар орнатса немесе жөндесе, сізге және басқаларға қауіп төнуі мүмкін.
Осы нұсқаулықта берілген ақпарат қауіпсіздік процедураларымен таныс және тиісті құралдары мен сынаққа арналған аспаптары бар білікті қызмет көрсету маманына арналған.
Осы нұсқаулықтағы нұсқауларды оқымау және орындамау жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуіне, меншіктің зақымдалуына, жарақат алуға және/немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Құрылғыда қолданылатын суық агент пен оқшаулау газын арнайы түрде қоқысқа тастау процедуралары қажет. Оларды қоқысқа тастамай тұрып, қызмет көрсету агентінен немесе сондай біліктілігі бар адамнан кеңес алыңыз.
Электр сымын ауыстыру қажет болған кезде, ауыстыру жұмысын өкілеттігі бар маман тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдаланып орындауы керек.
Қуат беру сымы зақымдалған болса, қауіп төнбеуі үшін, оны өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті немесе сондай біліктілігі бар адам ауыстыруы керек.
Құрылғыны сым жүргізудің ұлттық нормативтеріне сәйкес орнату қажет.
Бұл құрылғыны жерге дұрыс тұйықтау қажет.
Жерге тұйықтау істікшесін қуат ашасынан кесуге немесе алып тастауға болмайды.
Қақпақ бұрандасы металл, оқшауланбаған болмаса және қуат розеткасы жерге ішкі сым арқылы тұйықталмаса, жерге тұйықтау сымын қуат розеткасының қақпақ бұрандасына бекіту әрекеті құрылғыны жерге тұйықтамайды.
Кондиционердің жерге дұрыс тұйықталғанына күмәніңіз болса, қуат розеткасы мен тізбекті білікті электршіге тексертіңіз.